Егер мен президент болсам (эссе)

Президент – мемлекеттің ең жоғарғы лауазымында қызмет атқаратын тұлға. Сіз мемлекет басшысы болсаңыз, не істер едіңіз?

.png

Ұқсас: Тәуелсіздік туралы шығарма (эссе)

Егер мен миллиондаған тұрғындары бар мемлекетті басқаратын болсам, ең алдымен халықпен кездесіп, оларды мазалап жүрген мәселелерді шешуге көмектесемін. Халқымды баспанамен, жұмыспен және жоғары жалақымен қамтамасыз етуге тырысамын. Елдегі ішкі жанжалдарды тоқтатып, адамдарды татулықта өмір сүруге шақырамын. Себебі, президент халықтың тірегі болуға және бейбіт өмірді сақтауға міндетті.

Еліміздің ластанған аудандарындағы экологиялық жағдайды жақсарту – менің ең басты мақсаттарымның бірі. Тұрғын үйлерге жақын орналасқан зауыттарды қаланың шетіне ауыстырып, жұмыскерлерді тегін автобустармен тасымалдайтын едім. Сонымен қатар, көшеде қоқыс тастайтын адамдарды, қатаң жазаға тартуға бұйрық беремін.

Президент қандай болуы керек? Менің ойымша, ол ақылды, адал, әділ және заңды жақсы білуі керек. Оның жұмысы өте қиын. Ол өз халқының әл-ауқатын көтеруге және басқа мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысады. Егер адамдар өз Отанын және мемлекет басшысын сүйетін болса, онда, президент халықтың үмітін ақтап жатыр.

Ұқсас: Елін сүйген елбасы (эссе)