Кордильер тауы туралы мәлімет
Кордильер таулары — жер бетіндегі ең ұзын тау жүйесі болып саналады. Оның ұзындығы 18000 километрге, ал ені 9-16 шақырымға созылған.
Тау жүйесі әдетте Солтүстік және Оңтүстік Америка Кордильері болып екі бөлікке бөлінеді. Ең биік нүктесі Аконкагуа тауының басында орналасқан (6960 метр). Өз жолында: Канада, АҚШ, Мексика, Орталық Америка, Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Аргентина, Чили елдерінің аумағынан өтеді.
Бұл тау пайдалы қазбаларға өте бай. Дүние жүзіндегі ең ірі молибден кен орны осында орналасқан, оның қоры шашамен 1,6 млн тоннаны құрайды. Колорадо үстіртінде 375000 км² аумақта уран өңдіріледі. Калифорния қайраңында бірнеше ірі мұнай мен газ кен орындары ашылды, мұнда 400 миллион тоннадан астам мұнай шоғырланған. Алтын және күміс сияқты асыл металдарда баршылық.
Кордильер үлкен қашықтыққа созылғандықтан, ол барлық географиялық белдеулері қамтиды. Сондықтан, әр аймақтың климаты ерекше, негізінен құрғақ. Дегенмен, тау жүйесінің бүкіл аумағын мұз басқан. Тіпті, ең ыстық климаттық зоналардың тауларында қар жамылғылары бар. Жауын-шашынның ең көп мөлшері солтүстік-батысына жауады, өйткені, бұл бөлікке Тынық мұхитынан келетін батыс желдері соғады. Таулардың жанартаулық белсенділігі айтарлықтай жоғары.
Солтүстік Америкадағы өзендердің едәуір бөлігі Кордильердан бастау алады. Ең ірілері Колумбия және Колорадо. Тауда Американың ең ірі жыртқышы гризли аюы мекендейді. Сонымен қатар, мұнда қасқыр, түлкі және сілеусін көп кездеседі. Оңтүстік аймақтарында жыландар, кесірткелер, буынаяқтылар тірішілік етеді. «Утісті» деп аталатын әлемдегі жалғыз улы аяқсыз кесіртке осы жерде ғана бар.
Ұқсас: Анд тауы туралы мәлімет