Анд тауы туралы мәлімет

Анд таулары өзінің ұзындығымен, әсем табиғатымен, алуан түрлі флорасымен және фаунасымен дүниежүзіне танымал. Ол жеті мемлекеттің аумағында орналасқан.

Әлемдегі ең ұзын тау жүйесі болып саналады. Оңтүстік Американың солтүстігінен оңтүстігіне қарай шамамен 9000 шақырымға созылып жатыр. Қазіргі уақытта, таудың биіктігі 6961 метр, ең биік шыңы – Аконкагуа деп аталады.

Андтағы климаттық белдеулер үш бөлікке бөлінеді: солтүстік, орталық және оңтүстік. Бұл таулар Оңтүстік Американың климаттық тосқауылы болып табылады, яғни олар материкті батыста Атлант мұхитының әсерінен, ал шығыста Тынық мұхитының әсерінен қорғайды.

Андтың сейсмикалық белсенділігі бүгінгі күнге дейін жалғасуда, ғалымдардың айтуынша, бұл тау жыл сайын 10 см-ге өсіп отырады екен. Сол себепті, ол жақын арада планетадағы ең биік тауға айналуы мүмкін.

Табиғи байлығына келетін болсақ, оның аумағынан ванадий, қалайы, қорғасын, сүрме, мырыш және т.б. металдарды табуға болады. Тау бөктерінде мұнай мен газ кен орындары орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде темір, бағалы металлдар және изумдуртар өңдіріледі.

Оның аумағында: таутайлақ, альпак, құйрық қармалағыш маймылдар, викунья, түйетек, шишилла, құмырсқажегіш мекендейді. Таудың биік аймақтарында, жер бетіндегі ең ірі құстардың бірі кондор тіршілік етеді. Олардың қанаттары 3 м-ге дейін барады. Қуатты қанаттарының көмегімен, күніне 3 км қашықтышты ұшып өтеді.

Мұнда банан, фикус, какао ағаштары, пальма, лиана және бамбук өседі. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарының арқасында, бұл аймақтан картоп, темекі және қызанақ табылып, әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізілген.

Ұқсас: Гималай тауы туралы мәлімет