Көгершін жайлы қызықты мәліметтер

Көгершіндерді әлемнің кез-келген мемлекетінде кездестіруге болатын шығар. Оларды неліктен бейбітшілік құсы деп атайды?

.jpg

Бұл кішкентай құстардың ұзындығы — 40 см, ал салмағы — 400 граммға дейін жетеді. Бүгінгі таңда, олардың 35 түрі белгілі.  Көбінесе орманды жерлерді мекен етеді, тек көк көгершіндер ғана, қалалық ортада өмір сүруге бейімделген.

Адамдар көгершіндерді шамамен 5000 жыл бұрын қолға үйретіп алды. Бастапқыда бұл құстарды ет үшін өсірген. Бірақ, қай жерде болмасын, өз ұясына апаратын жолды ұмытпайтындығын байқап, оларды хат жеткізушілер ретінде қолдана бастады. Сонымен қатар, көгершіндер өз төзімділігімен ерекшеленген, 3000 км қашықтыққа 140 км/сағ жылдамдықпен ұшып барған. Сол себепті, бұл құстар — хат тасымалдаудың ең жылдам тәсіліне айналды.

Көгершін туралы киелі кітаптарда жазылған. Су тасқынынан кейін, Нұх пайғамбарға зәйтүн бұтағын осы құс әкеліп, апаттың аяқталғаны жайлы хабарлаған. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң, Пабло Пикассо есімді әйгілі суртеші, осы сәтті өз туындысында бейнелеген. Сондықтан, оны «бейбітшілік көгершіні» деп атап кеткен.

Табиғатта өмір сүру ұзақтығы өте қысқа — 6 жыл ғана. Бұған азық-түліктің жетіспеушілігі, вирустық аурулар, жыртқыш аңдар және ауа райының суықтығы себеп болып отыр. Егер туылғанынан бастап, үй жағдайында өмір сүрсе, онда 15-20 жыл тіршілік етуі мүмкін.

Көгершін дәндермен, жидектермен және кейбір жағдайларда жәндіктермен қоректенеді. Қала көшелерінде мекен ететіндері бидай, жүгері, сұлы және арпаны тұтынуы мүмкін. Олар адамдар көп жүретін аумақтарда ұя салады, өйткені, мұндай жерлерде азық табу оңайырақ болады.

Ұқсас: Аққу туралы қызықты мәліметтер