Канада туралы қызықты мәліметтер

Канада – технологиялық және индустриалды дамыған көп мәдениетті ел. Хоккеймен, керемет табиғатымен және жоғары өмір сүру деңгейімен ерекшеленетін бұл мемлекеттің тарихы, XVI ғасырда басталды.

туралы

Ұқсас: Ұлыбритания туралы қызықты мәліметтер

Канада жайлы 25 мәлімет

  1. Канада аумағы жағынан, Ресейден кейінгі екінші ел. Оның аумағының көлемі – 9,9 миллион квадрат метрді құрайды.
  2. Елдің «Canada» атауы, «canata» – «ауыл» деген сөзді білдіреді.
  3. Хоккей осы елде ойлап табылды. Алғашқы кәсіби хоккей командасы 1904 жылы құрылды.
  4. Канада мемлекетінің екі ресми тілі бар: ағылшын және француз.
  5. Жыл сайын Канадаға, 250 мыңнан астам иммигрант қоныс аударады.
  6. Сауд Арабиясы мен Венесуэладан кейін, мұнай қорлары бойынша үшінші орында.
  7. Канадада 2,4 миллион бұғы мекен етеді, солардың кесірінен жыл сайын шамамен 250-ге жуық көлік апаты орын алады.
  8. Аумағының 31%-ын орман алып жатыр.
  9. Туындағы ақ түс – Францияны, ал қызыл түс – Ұлыбританияны білдіреді.
  10. Бұл елдің климаты қатал, жазда ауа температурасы +40°С дейін, ал қыста -45°С-қа дейін төмендейді. 1947 жылы -62°С тіркелді.
  11. Ең көп тараған тегі – Ли.
  12. Әлемдегі көлдердің ең көп саны осы елде орналасқан. Сондай-ақ, планетаның тұщы су қорының 20%-ы Канадада.
  13. Ай сайын Канадаға 350 мың турист келеді.
  14. Әлемдегі ең ұзын жағалау сызығы Канада елінде – 202 мың километр.
  15. Айта кететін мәлімет: хоккей сияқты, баскетбол ойынын да осы елдің өкілдері ойлып тапты.
  16. Канаданың ұраны – «теңізден теңізге дейін».
  17. Американдықтар Канадаға екі рет шабуыл жасап, екі жағдайда да жеңіліс тапты.
  18. Халықтың 42%-ының жоғары білімі бар.
  19. Канадада 15 миллион құндыз (бобёр) жануары мекендейді. Бұл – әлем рекорды.
  20. Канадалықтар сыраны жақсы көреді.
  21. Ең сүйікті тағамы – макаронмен ірімшік.
  22. Канадалықтардың жартысынан көбі, басқа мемлекетте дүниеге келген.
  23. Мемлекетте 15,5 мың полярлық аю бар.
  24. Халықтың 42%-ы католик, 23%-ы протестант.
  25. Бұл мемлекетте 1453 әуежай бар!

Ұқсас: Франция туралы қызықты мәліметтер