Кактус туралы мәлімет

Кактус — терезенің алдында немесе компьютерлік үстелдің үстінде орналасқан элемент ғана емес. Бұл өсімдіктер көптеген ерекше қасиеттерге ие, олар жайлы білгіңіз келсе, назарыңызды төмендегі мақалаға аударыңыз.

.jpg

Оның 1750 түрі бар. Ең үлкен түрінің биіктігі 20 метр, ал салмағы 2,2 тоннаға дейін жетеді. Ең кішкентайларының көлемі бірнеше сантиметр ғана.

Жасы 150 жылға, ал биіктігі 24 метрге жеткен кактус табылды. Ол ресми түрде мемлекетпен қорғалады. Егер оған біреу бүлік жасаса, 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ол 75-90%-ға судан тұрады және +60 градус ыстыққа шыдай алады. Көптеген саяхатшылар, осы кактустың арқасында, шөл далада аман қалған.

Олар біздің ғаламшарда 30-35 миллион жыл бұрын пайда болған.

Кейбір елдерде, үйдің айналасына шарбақ салудың орнына, кактустарды отырғызады. Мұндай қорғаныстан өту, өте қиын болады.

10 жыл бұрын, бұл өсімдік жеке дербес компьютері бар адамдардың үйінде жиі кездесетін. Ол монитордан шығатын зяиынды радияцияны сіңіріп алады деген сенім болған. Бірақ, оны шын мәнінде дәлелдейтін зерттеулер жасалған жоқ.

Адамдарға бұл тікенекті өсімдіктерді жеуге болады. Америкаға алғаш болып сапар шеккен саяхатшы — Христофор Колумб, жергілікті халықты қауын жеп отыр деп ойлаған. Кейінірек, ол кактус болғанын түсінді.

Мексикада жаңа жыл мерекесі кезінде, шыршаның орнына кактусты әшкерлейді.

Қазіргі заманда, оны шикізат ретінде жиі пайдаланады. Оның көмегімен сусындар, сабындар және сусабындар өңдіріледі.

Мексикандықтар сиырдың өнімділігін арттыру үшін, жануарларды кактустармен тамақтандырады.