Йод элементінің биологиялық маңызы

Йод гормондардың синтезіне қатысатын және олардың құрамдас бөлігі болып табылатын жалғыз микроэлемент. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, 1,5 миллиардқа жуық адам осы элементтің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр.

Адамға 1 тәулікте 100-200 микрограмм йод жеткілікті. Ағзада 20-50 мг ғана йод бар, оның 60%-ы қалқанша безде, 40%-ы бұлшықеттерде, анабезде және қанда болады. Денедегі мөлшері аз болғандығымен, бұл микроэлементсіз салауатты өмір сүру мүмкін емес. Оның жетіспеушілігі адам денсаулығына теріс әсер етеді.

Йод – адамның қалыпты өсуіне және дамуына қажетті микроэлемент. Ол организмге түскеннен кейін қалқанша безге жиналып, тироксин мен трийодтиронин сияқты гормондардың құрамдас бөлігіне айналады. Бұл гормондар – ағзадағы зат алмасу процесін реттеп, барлық органдар мен жүйелердің жұмысына қатысады.

Йод келесі процесстерді реттейді:

  • энергетикалық алмасу, дене температурасы;
  • биохимиялық реакциялардың жылдамдығы;
  • ақуыз бен майлар алмасуы;
  • бірқатар витаминдердің метаболизмі;
  • қан қысымын арттыру.

Йод жетіспеушілігінің салдары мынадай:

  • қалқанша безінің ұлғаюы және эндемиялық жемсаудың пайда болуы;
  • қалқанша безі қызметінің бұзылуы;
  • холестериннің жоғарылауы;
  • кретинизмнің дамуы, баланың физикалық және психикалық жағынан баяу дамуы.

Негізгі көздері:

  • барлық теңіз өнімдері: балықтар, ұлулар, балдырлар;
  • көкөністер: баялды, пияз, сарымсақ, қасқыржем, асжапырақ, қызылша, сәбіз, картоп, шалғам;
  • жарма, сүт, жұмыртқа, май, сиыр еті;
  • жеміс-жидектер, цитрус жемістері, құрма, ананас, банан, жүзім, қауын.

Ұқсас: Кальций элементінің биологиялық маңызы