Испания туралы қызықты мәліметтер

Испания — Еуропаның ең көне мәдениеттердің бірі. Көптеген дарынды суретшілер, музыканттар және жазушылар осы елде дүниеге келді. Бұл ел туралы деректер жинағын ұсынамыз.

туралы

Ұқсас: Италия туралы қызықты мәліметтер

Испания 25 қызықты мәлімет

  1. Испания сөзі — «қояндар жері» деген мағына береді.
  2. Испанияның ең бай адамы — Амансио Ортега, ол күніне 2,5 миллион евро табыс табады.
  3. Испаниядан Африкаға кемемен жету уақыты — 35 минут.
  4. Ең қуатты елдердің бірі болғанымен, бірінші және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жоқ.
  5. Испан тілінде, әлемде шамамен 400 миллион адам сөйлейді, осы көрсеткіш бойынша олар 4-ші орында.
  6. Чупа-чупс осы елде ойлап табылды.
  7. Еуропа елдері арасында түнгі клуб, мейрамхана және кафе саны жағынан рекордсмен.
  8. Барселона — Испанияның ең танымал қаласы, жыл сайын бұл қалаға шамамен 15 миллион адам келеді.
  9. Күндіз ауа райының өте ыстық болуына байланысты, түнгі сағат 2-3-тің кезінде көшеде серуендеу, қалыпты жағдай болып саналады.
  10. Испан әнұранында сөз жоқ.
  11. Испандықтар, түскі асты сағат 14-15-те, ал кешкі асты 21-22-нің арасында ішеді.
  12. Футбол — олар үшін ұлттық ойын болып саналады. 2010 жылы Испания құрамасы тарихында алғаш рет, әлем чемпионы атанды.
  13. Реал Мадрид — әлемдегі ең қымбат футбол клубы. Оның жылдық табысы 650 миллион долларды құрайды.
  14. Хавьер Бардем — «Оскар» сыйлығына ие болған алғашқы испандық актер.
  15. Испания — зәйтүн майының негізгі өңдірушісі болып табылады.
  16. Халықтың 94%-ы католиктер.
  17. Испанияның ұлттық ұранында — өмір азап үшін емес, рахат үшін берілген деп айтылған.
  18. Адам өлтірудің 60%-ы, қызғаныш себебінен болады.
  19. Италия мен Франциядан кейінгі 3-ші шарап (вино) өңдірушісі.
  20. Испан азаматының ресми түрде 2 тегі болады: әкесінің және  анасының.
  21. Испанияны 711-718 жылдары арабтар жаулап алған. Бұл оқиға осы елдің мәдениетінің ерекше болуының тікелей себебі.
  22. Испания мерекелер саны бойынша ең алдыңғы орында.
  23. 20-ғасырдың екі ең беделді суртешілері — Пабло Пикассо және Сальвадор Дали, испан азаматтары.
  24. Испанияның астанасы Мадридте — 3,2 миллион халық тұрады. Ол теңіз деңгейінен 667 метр биіктікте орналасқандықтан, Еуропаның ең биік астанасы болып табылады.
  25. Испан университеттерінде қыздар, жігіттерден көп.

Ұқсас: Франция туралы қызықты мәліметтер