Илон Маск туралы мәлімет (өмірбаяны)

Илон Маск – американдық өнертапқыш және миллиардер. Forbes журналы оны 2023 жылдың ең бай адам деп атады.

Ол 1971 жылы 28 маусымда ОАР (Оңтүстік Африка Республикасында) дүниеге келген. Жастайынан компьютерлерге қызығушылық танытқан. Өзінің алғашқы бағдарламасын 12 жасында жасап шығарып, 500 долларға сатып жіберген. Әкесі ұлына сантехника орнату, электр сымдарын тарту және т.б. жөндеу жұмыстарын жасауды үйреткен. Илонның айтуынша, техника саласын бірінші кезекте әкесінің арқасында жылдам меңгерген.

Оңтүстік Африкада әскери қызмет өткермеу үшін 17 жасында Канада мемлекетіне көшуге шешім қабылдады. Жаңа елде Маск университетке түскенімен, оны екі жылдан соң тастап кетті. Дегенмен, көп ұзамай АҚШ-тың Пенсильвания қаласындағы жоғары оқу орнына түсіп, экономика және физика бакалавры дәрежесін алды.

1995 жылы ағайынды Масктар Zip2 компаниясының негізін қалаған. Олар бұл кезенде бағдарламалық жасақтама шығарумен айналысқан. Илон оны Compaq компаниясына 307 миллион долларға сатып, 27 жасында миллионер атанды.

Келесі жоба әлдеқайда ауқымды болды. Ол PayPal – әлемдегі ең үлкен электронды онлайн-төлем жүйесі. Маск оны 2002 жылы 1,5 миллиард долларға eBay-ға сатты.

2003 жылы инженерлер Мартин Эберхард пен Марк Тарпеннинг Tesla Motors компаниясының негізін құрды. Бір жылдан кейін оларға Илон Маск қосылып, 6 миллиард доллар инвестиция жасаған. Қазіргі уақытта, Tesla Model Y электромобильі әлемдегі ең көп сатылатын көлік болып табылады. Олар болашақта жолаушыларды жүргізушінің қатысуынсыз тасымалдай алатын роботты электромобильдерді іске қосуды жоспарлар отыр. Сондай-ақ, Tesla-да күн энергиясы жүйелерін және электр көліктеріне арналған аккумуляторларды шығаратын SolarCity еншілес компаниясы бар – бұл Илонның тағы да бір жобасы.

Масктың ең танымал тумасы – SpaceX. Бұл 2002 жылы құрылған зымырандарды әзірлеу және ұшырумен айналысатын жеке ғарыш компаниясы. Олар 2020 жылы Crew Dragon ғарыш кемесін орбитаға жіберіп, халыаралық ғарыш станциясымен сәтті түйістірген. Осындай құрылғыларды топтастыру арқылы әлемнің кез келген нүктесін интернетпен қамтамасыз ететін жаһандық желі құрылу көзделіп отыр. Бірақ, Илон Масктың ең басты мақсаты – Марс планетасын қоныстандыру екендігі белгілі.

Ұқсас: Электр қуатының адам өміріндегі маңызы қандай?