Іле өзені жайлы мәлімет

Іле – Солтүстік Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Күнгес пен Текес өзендерінің қосылысынан пайда болып, Балқаш көліне құйылады.

Ол – Жетісу жеріндегі ең ірі өзен. Ұзындығы – 1439 км (Қазақстан аумағында 815 км). Жалпы аумағы – 140 мың км². Қазақстандағы ең үлкен салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Шарын, Күрті, Өсек және Шілік өзендері.

Іле өзені бірнеше табиғи аймақтарды кесіп өтеді. Қытайда – таулы жерлер, орта бөлігінде – жазық, ал төменгі бөлігінде – шөлді дала арқылы өтеді. Өзен қараша айының аяғында қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Мұздың орташа қалыңдығы шамамен жарты метрді құрайды.

Өзеннің орта ағысында Қапшағай су электр станциясы және су қоймасының салынуына байланысты – суармалы жер көлемі ұлғайып, кеме қатынасы үшін қолайлы жағдай жасалды. Су электр станциясы әр түрлі салалардың дамуына және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік берді.

Мұнда сом, сазан, ақ амур, көксерке, ақбалық, ақтабан сияқты балықтарды ұстауға болады. Жағалауларында ақ тырналар, қырғауыл, көкқарға, қамыс мысығы, қара кезқұйрық, бәбісек, көл шағаласы, өзен қарқылдағы сияқты сирек кездесетін жануарлар мен құстар мекендейді.

1729 жылы Іленің маңында қазақтар мен жоңғарлар арасында Аңырақай шайқасы өткен. Шешуші ұрыста қазақ батырлары жеңіске жетіп, өз жерін жаудан азат еткен. Бүгінгі таңда, бұл өзен туристтер арасында өте танымал. Жағалауындағы тастарда көптеген петроглифтерді байқауға болады. Тарихшылар бұл жазуларды 12 ғасырға жатқызады. Іле өзенінің аңғары – жартылай шөлді ландшафт болғанына қарамастан, еліміздің ең көрнекті аймақтарының бірі.

Ұқсас: Жайық өзені туралы мәлімет