Жайық өзені туралы мәлімет

Жайық өзені Орал тауларынан бастау алып, Батыс Қазақстан арқылы өтіп, Каспий теңізіне құйылады.

Өзеннің жалпы ұзындығы 2528 км, ал аумағы 231,000 км² құрайды. Оның ең үлкен салалары – Сақмара және Елек өзендері. Жайық өте ирек және бұралаң келген, сол себепті, өз арнасын жиі өзгертеді. Маңындағы тұрғындарға су тасқыны қаупі төңгендіктен, көптеген адамдар жаңа жерлерге көшуге мәжбүр болды.

Жайық өзені мен оның салалары негізінен қармен (80%-ы) қоректенеді. Бұл процесс көктемде қар еріген кезде басталады. Ал, қараша айында өзеннің жоғарғы, орта және төмен ағыстары мұзбен қатып, судың беті сәуір айында ғана ашылады.

Өзеннің жоғарғы ағысы қалалар мен көптеген өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ал, төменгі ағысының суымен егістіктер суарылады. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап өзенге құйылатын судың көлемі біртіндеп азайып келеді. Бұл жағдайды су қоймаларының салынуымен, жер жыртумен және орман алқаптарын жоюмен байланыстырады. Бассейнде 12 ірі су қоймасы және 80-ге жуық гидроэлектростанция бар.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында мұнай мен газ өндірісінің дамуы, өзен айналасындағы экологиялық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Өнеркәсіптік кәсіпорындар суды ауыр металдардың қосылыстарымен, хлорорганикалық пестицидтермен және т.б. қалдықтармен ластауда. Мұның бәрі өзен алабының экожүйесіне әсер ететін қуатты антропогендік фактор.

Өзенде 50-ден астам балық түрі кездеседі, олардың ішінде үкішабақ, бекіре, ақбалық, сазан, торта, аққайран, шортан, көксерке, белуга, мөңке және шоқыр бар. Жағалауындағы ормандарда көгершін, құр, орман кептері, дыркептер және шіл сияқты құстар тіршілік етеді.

Ұқсас: Ертіс өзені туралы мәлімет