Германия туралы қызықты мәліметтер
Германия — ақындар мен ойшылдардың жері болып саналады. Бұл таң қалатын жағдай емес, себебі көптеген композиторлардың ұлты — неміс. Германия елі туралы тағы қандай мәліметтер білеміз?
Германия мемлекеті жайлы 25 мәлімет
- Германиядағы ең танымал спорт түрі — футбол. Ал Германияның ұлттық футбол командасы, планетадағы ең күшті ұжымдардың бірі.
- 2014 жылы мемлекеттік университеттерде оқу тегін болатын болды. Саясаткерлер жоғары білім үшін ақша төлеуді, әлеуметтік әділетсіздік деп санады.
- Германияда жұмыс істемей, мемлекет беретін әлеуметтік көмекке өмір сүруге болады.
- Германия — әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі. Volkswagen Golf — әлемнің ең көп сатылатын автокөліктерінің қатарына жатады.
- 2005 жылы канцлер болып сайланған Ангела Меркель, неміс тарихындағы билікке келген алғашқы әйел болды.
- Бұл елде кез-келген затты жөндеудің қымбаттылығы соншалық, сол заттын жанасын сатып алған тиімді.
- Неміс тіліндегі ең ұзын сөз: Rechtsschutzversicherungsgesellschaften. Бұл «құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін сақтандыру компаниялары» дегенді білдіреді.
- Германияда балық аулауға бару үшін сіз алдымен тиісті курстарды аяқтауыңыз керек.
- Германия елінде орташа өмір сүру ұзақтығы өте жоғары: әйелдердікі 83, ал ерлердікі — 78 жыл.
- Немістер сүйіктілерін «Schatz» (қазына) деп атайды.
- Немістер әлемдегі екінші сыра тұтынушысы (Ирландиядан кейін), жылдық орташа көрсеткіш — 119 литр.
- Сағыз Германияда ойлап табылды. Оны жасаған Ганс Ригель.
- Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған, бірақ алкоголь ішуге рұқсат етілген.
- Суды еш қайнатусыз және сүзгіштен өткізбей ішуіңізге болады. Неміс ауыз суының сапасы, қазіргі уақытта әлем бойынша жоғары көрсеткішке ие.
- Германияда туу деңгейі өте төмен, орташа есеппен алғанда немістер 29 жаста балалы болады. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, 2060 жылға қарай халық саны 80 миллионнан 67 миллионға дейін төмендейді.
- Барлығына танымал аспирин дәрісін де немістер тапты. Оны 1897 жылы Феликс Хоффман синтездеді.
- Audi, Seat, Skoda, Bentley, Bugatti, Lamborghini, Porsche, Ducati, Scania және MAN маркалы автокөліктер Volkswagen концерніне жатады.
- Еуропадағы ең көп тараған тегі Мюллер. Германияда бұл атпен шамамен 320 000 адам өмір сүреді.
- Көптеген немістер ит ұстайды: оларды баптау үшін мемлекет ақша төлейді.
- Немістер ешқашан төбелесті бірінші болып бастамайды. Бірақ шайқас басталса, онда аяғына дейін барады.
- Түрмеден қашып кеткен үшін қылмыскер жазаланбайды. Өйткені, неміс соты адамның еркіндікке деген ниетін ақтайды. Егер құқық бұзушы ұсталып қалса, ары қарай жазасын өтей береді.
- Егер автобанда автокөліктің жанармайы бітіп қалса, айыппұл салынады, ал жүргізуші куәлігі алты айға дейін тоқтатылуы мүмкін!
- Германия астанасы жеті рет өзгерді.
- Елдің жалпы ішкі өнімі 3,49 триллион еуро. Бұл Америка Құрама Штаттары, Қытай және Жапониядан кейінгі дүниедегі төртінші экономика.
- Германия мемлекетінде балалардың бұзақылығы үшін ата-аналар жауап береді. Егер ата-аналар жоқ болса, онда ешкім жауапқа тартылмайды.