Галикарнас кесенесі туралы мәлімет

Галикарнас кесенесі – б.з.д. IV ғасырда Кария патшасы Мавсолдың бұйрығымен салынған.

Мавсол патшаның тұсында қала өзінің гүлдену шегіне жетті. Билеушінің осыншама ауқымды және қымбат құрылысты бастауға қаражаты жеткілікті болды. Себебі, біріншіден – Галикарнаста үлкен теңіз порты жұмыс жасады, ол аймақтың экономикалық жағдайына пайдалы әсер етті. Екіншіден – патша ​​өз халқына аяусыз салық салып, орасан зор байлық жинап алған.

Құрылым биіктігі 46 метрге жететін үш деңгейден тұрды. Бірінші қабатта үлкен мәрмәр тас қабырғалардан тұратын, ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын ғибадатхана орналасты. Екінші деңгейде жіңішке 36 бағанадан құрылған колоннада салынды. Ең төбесінде Мавсол мен Артемисияның керемет 6 метрлік мүсіні орнатылды. Ғимараттың айналасында салт атты жауынгерлер мен арыстандардың мүсіндері болды.

Кесене қабірмен қатар, ғибадатхана қызметін де атқарды. Құрылысқа сол заманның ең шебер сәулетшілері қатысты. Ішінде әскери жорықтарды, аңшылықты және мифтік тіршілік иелерінің шайқасын бейнелейтін барельефтер болды. Патша мен әйелінің қалдықтары мәрмәр саркофагта жерленді.

Галикарнас кесенесінің құрылысы б.з.б. 350 жылы аяқталды. Патша өлгеннен кейін, құрылыс жұмыстарын әйелі Артемиссия басқарды. Мавзолей 1700 жыл бойы сақталып, тек XIV ғасырда қатты жер сілкінісінің салдарынан қирады. Қала тұрғындары оның тастарын Әулие Петр сарайын салу үшін пайдаланды. Қазіргі уақытта, ғимараттың қирандылары Бодрумдағы қарапайым мұражайдың бір бөлігі ғана болып табылады.

Ұқсас: Александрия шамшырағы туралы мәлімет