Франция туралы қызықты мәліметтер
Кез-келген ел өзінің тарихымен, аңыздарымен және қызықты мәліметтерімен таң қалдыруға дайын. Бірақ Франция елінің алатын орны ерекше және сол туралы осы мақалада айтып кетейік.
Франция елі жайлы 25 мәлімет
- Ең төмен жалақы 1000 евро.
- Луи XIX-дың Франция королі болған уақыты 20 минут.
- Автокөліктерге нөмір қою, алғаш болып Францияда енгізілді.
- Францияда шошқаның атын Наполеон деп қоюға заңмен тыйым салынған.
- Француздардың танымал өнертабыстары: калькулятор, жедел жәрдем, әуе шары, фильм, фото және анимация, парашют, суасты қайықтары.
- Жыл сайын Францияға 80 миллионнан астам туристердің келуіне байланысты, ол әлемдегі адам ең көп келетін ел болып саналады. Екінші орында 73 миллионмен АҚШ.
- «Франция» сөзі «Франк жері» дегенді білдіреді. Франктар — ежелгі герман тайпалары.
- Француз тілі, 30 елде ресми тіл болып табылады!
- Францияда өлген адамға үйленуге рұқсат етілген. Мұны істеу үшін сіз Президентке өтініш жіберуіңіз керек.
- Азаттық мүсіні (Статуя Свободы) Францияда жасалды және 1876 жылы АҚШ-тың 100-жылдығына сыйға берілді. Мүсінді белгілі француз мүсіншісі Фредерик Август Бартольди құрды.
- Никотин — Франция дипломаты және ғалымы Жан Никоның есімімен аталған, ол темекіні Португалиядан Францияға 1559 жылы кіргізген.
- Африкада француз тілінде сөйлей алатын адамдардың саны, Еуропадан көп.
- Шампан сусыны — Францияның Шампань деген қаласында жасалады.
- Елдің ұраны «Еркіндік, теңдік, бауырластық».
- Орташа француз күніне шамамен 9 сағат ұйықтайды (8,83). Бұл дамыған елдер арасында ең жоғары көрсеткіш.
- Париждің ресми ұраны «fluctuat nec mergitur». Бұл латын тілінен «қалқитын, бірақ суға батпайтын» деп аударылады.
- Ең танымал ойындар — футбол, баскетбол және регби.
- Францияда ескі үйлер көп. Лионда 300-400 жастағы үйлерден тұратын көше бар.
- Эйфель мұнарасы Еуропадағы ең атақты және көрікті жерлердің бірі. Сондай-ақ, бұл Франциядағы ең биік ғимарат. Биіктігі 32,3 м, бұл шамамен 70 қабатты үймен тең!
- Француз тілі 300 жылдан астам уақыт бойы (1066 жылдан бастап XV ғасырдың басына дейін) Англияның ресми тілі болды.
- Франция тұрғындарының 90%-ы Renault, Peugeot және Citroen сияқты «отандық» жеңіл автокөліктермен жүреді.
- Жексенбі күні барлық дүкендер жабық.
- Бұл елде қызыл шарапты, ақ шараптан көп ішеді.
- Франциядағы алғашқы метро, 19 ғасырдың соңында Парижде пайда болды.
- Әлемнің ең көп баратын мұражайы — Парижде орналасқан Лувр.