Есіл өзені жайлы мәлімет
Есіл өзені Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары арқылы ағып өтеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарынан өткен соң, Ертіс өзеніне құйылады, ал Ертіс өз кезегінде Обь өзеніне қосылады.
Жалпы ұзындығы 2450 шақырымға жуық созылып, Ресейдің Омбы облысына дейін жетеді. Қазақстан аумағындағы ұзындығы — 1717 км. Бастауын Нияздың аласа тауларынан алады. Сол себепті, өзеннің ағысы баяу.
Есілге 1000-ға жуық өзен мен жылға құйылады. Ең ірілері: Жабай, Қалқұтан, Аққанбұрлық, Терісақкан және Иманбұрлық. Оның суы көктемгі еріген қар суымен толтырылады. Суды жинақтау үшін екі су қоймасы салынды: Сергеев және Вячеслав. Бөгендер ауылшаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. Өзен қарашаның басында қатып, сәуір-мамыр айларында ашылады.
Есілдің флорасы әртүрлі өсімдіктердің 76 түрінен тұрады. Оның 73%-дан астамы диатомдық балдырлар. Қалғандары жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және планктондар. Өзенде шортан, торта, таутан, мөңке, алабұға, қарабалық, аққайран және сазан балықтары кездеседі.
Орташа тереңдігі 6 метрді құрайды. 18 метрлік ойпаттар бар болғанымен, өзен үлкен кемелердің жүзуі үшін жарамайды. Бірақ, шағын қайықтардың және моторлы кемелердің қозғалысы жақсы дамыған.
Есіл Астана қаласын екіге бөледі: солтүстік және оңтүстік жағалауға. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміздің астанасын таңдау кезінде өзеннің бар болуы да әсер етті.
Ұқсас: Ертіс өзені туралы мәлімет
Шығу тарихы бар ма?