Электронды кітапхана – инновация белгісі (эссе)

Электронды кітапхана – әртекті электрондық құжаттардың (кітаптардың) реттелген жинағы. Олар адамдарды көркем, ғылыми, техникалық және т.б. әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

Шығарма

Виртуалды кітапхана өте ыңғайлы, өйткені ешқайда барудың қажеті жоқ. Өзіңізбен бірге қалың кітаптарды алып жүрмей, шағын құрылғыға цифрлық форматта сақтап қойсаңыз жеткілікті. Қалаған құжатты ұялы телефон арқылы қолдана беруге болады. Әр әдебиеттің өз рейтингісі және оқырмандар қалдырған пікірлері болады. Іздеу құралдары мен каталог жүйесісінің арқасында, кез-келген ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік бар.

Ең маңызды артықшылықтарының бірі: электронды кітапханалар, қарапайым кітапханаларға қарағанда жоғары жылдамдықпен жаңартылып отырады. Сондықтан, барлық жаңа кітаптар алдымен осы жерде пайда болады. Қажетті материалды әлеуметтік желілер арқылы басқа адамдарға жіберуге мүмкіндік жасалған.

Баспасөз басылымдарының «Алтын дәуірі» аяқталды десек, қателеспейміз. Электронды кітапханалар көптеген саланың ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Әрине, кітаптардың қағаз нұсқалары ешқайда жоғалмайды, бірақ цифрландыру процессін тоқтату мүмкін емес. Сондай-ақ, қағаз, дискілер, аудио және бейне таспалар сияқты қысқа мерзімді тасымалдағыштарда сақталған дереккөздерді цифрландыру – оларды толық жоғалып кетуден қорғайды.

Ұқсас: Кітап оқудың пайдасы