Кітап оқудың пайдасы
Ғалымдар ақыл-ойды ұзақ уақытқа дейін сақтап қалу үшін: миды жаттықтырып отыру керек дейді. Сондықтан, жиі кітап оқуға кеңес беріледі.
Пайдасы қандай?
Кітап оқу — логиканы дамытуға, сауаттылыққа, жылдам және өткір ойлауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар сөйлесу кезінде, сіз өз ойыңызды айқын және анық жеткізе аласыз.
Өзіне деген сенімділік артады. Әңгіме барысында, белгілі бір саладағы терең біліміңізді көрсетсеңіз, айналадағы адамдардың құрметіне ие боласыз. Сөйтіп, адамның өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.
Адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Кітап оқитын адамдар — табысқа жиі жетеді, олар жас көрінеді және ұзақ өмір сүреді. Кейбір кітаптар, жолы болмай жүргендерге мотивация беріп, адамның жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал етеді.
Миы қартайған адамның, ағзасы жылдам қартаятындығы белгілі. Оқыған кезде, ми үнемі жұмыс жасап, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.
Ғалымдардың айтуынша, классикалық әдебиеттер — жасөспірімдердің тұлға ретінде дамуына үлкен ықпал жасайды. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: сөздік қорыңыз артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі.
Ұйқысыздықтан құтқаратын құрал. Ұйқыға дейін жүйелі түрде кітап оқитын болсаңыз, ағзаңыз осы режимге үйреніп алады. Сондай-ақ, қызықты кітап оқу барысында, біз күнделікті күйзеліс пен қобалжудан құтыла аламыз.