Егер мен мектеп директоры болсам (эссе)

Мектеп директоры – мәртебелі әрі жауапты қызмет. Оқу орнындағы кез-келген іс-шара директордың келісімімен өткізіледі. Ол мұғалімдердің жұмысына және балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауы керек.

Көп балалар мектепке баруды ұнатпайды. Егер мен мектеп директоры болсам, әрбір оқушы мектепке қызығушылықпен келер еді. Мен алдымен асханадан бастаймын. Ас мәзірін әртүрлі етіп жасап, балаларға не жейтінін таңдауға рұқсат беремін. Біздің асаханада тек дәмді тағамдар мен таза үстелдер ғана болады.

Оқушылар үйге шаршаған, қалжыраған түрде келуін қаламаймын. Сол үшін үй тапсырмасын азайтып, жақсы баға алғандарды марапаттап отыруды жөн санаймын. Бұл баланың оқуға деген ықыласын күшейтеді.

Бүкіл мектеп қатысатын түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыратын боламын. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шығу немесе кинотеатрге бару. Бұл ұжымды біріктіріп, оқу процесін жеңілдетуге септігін тигізетін еді. Оқушылар өз қалауы бойынша шығармашылық және спорттық үйірмелерге еш кедергісіз қатысуына жағдай жасаймын.

Балалар үзіліс кезінде аулаға шығып, достарымен ойнауды ұнатады. Сондықтан, мектеп ауласында әткеншектер мен сырғанайтын төбешіктерді орнатуға бұйрық берер едім. Ал, жоғары сынып оқушылары үшін футбол, волейбол және баскетбол алаңдарын жасау керек.

Мен әр оқушының жеке шкафы болғанын қалаймын. Оның ішіне оқулықтарды, спорттық кимідерді және т.б. керек-жарақтарды қалдыра алады. Осылайша, балалар ауыр сөмкелерін арқалап жүруден құтылады.

Ұқсас: Менің сыныбым – менің мақтанышым (эссе)