Менің сыныбым — менің мақтанышым (эссе)
Біздің сыныпта 26 оқушы оқиды. Ең сүйкімді қыздар мен ең мықты ұлдарды осы сыныптан таба аласыздар. Барлық балалар өте мейірімді және ұйымшыл. Олар бір-бірін ренжітпей, тату-тәтті өмір сүруге тырысады. Егер үй тапсырмасы немесе басқа да мәселелер қиындық туғызса, сыныптастарым әрқашан көмекке келуге дайын. Достарымызды ренжітуге немесе мазақ етуге жол бермейміз.
Барлық сыныптастарымды жақын дос ретінде қабылдаймын. Сабақтар аяқталған соң, далада серуендеуді және кинотеатрге баруды ұнатамыз. Кейбір кезде араларымызда түсінішпеушіліктер туындағанымен, аз уақыттан кейін қайта достасып кетеміз.
Менің сынып жетекшім өте жақсы мұғалім. Оған айтатын алғысым шексіз, кез-келген жағдайда дұрыс жолға бағыттай алады. Ол әрбір оқушының бабын тауып, сыныптың бірлігін сақтап тұрған адам. Ұстазымыз айтқандай: сынып — баланың екінші жанұясы, сондықтан бір-бірімізге бауырмал болу өте маңызды.
Достарымды қимаймын. Мектепті бітіргеннен кейін, сыныптастарымның арасында қарым-қатынас үзілмей, жиі кездесіп тұрамыз деп ойлаймын.
Ұқсас: Менің мектебім (эссе)
Менін сыныбым шығарма
Біздің сыныбымызда 24 бала бар олар əркайсысы ақылды біз бір бірімізді жақсы көруге тырысамыз достарымызды ренжітуге немесе мазақ етуге жол бермейміз.
Осы қысқа шығарма.
Біреуден көшіргенсіңғо
тағы қандай бар
Тағы барма
Біздің сыныбымызда 23 бала менде өз сыныбымды жақсы көремін әрине кейде ұрысып қаламыз бірақ біз бір бірімізді жақсы көреміз 😄
Біздің сыныбызда 22бала бар ❤
Негізі сынып жайлы аттады кет ын озық сыныбын айтады
Әр баланың өз сыныбы болады.Меніңде ұйымшыл сыныбым бар.Біздің сыныпта 11 ұл,8 қыз бар.Олардың бәрі ақылды,көңілді балалар.Әр қандай іс-шараларға қатысып,көп жүлделі орындар аламыз!Біздің сыныптағы балалар досшыл.Мен өз сыныбыммен мақтанамын!!!❤️