Домалақ ана кесенесі туралы мәлімет

Домалақ ана кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Бүгінгі таңда, бұл киелі орынға көптеген туристер келеді.

Өмірбаяны

Домалақ ана – қазақ халқының аты аңызға айналған адамдарының бірі. 1378 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Шын есімі – Нұрила Әли Сыланқызы. 19 жасында Бәйдібек Қарашаұлы батырға тұрмысқа шығып, үшінші әйелі атанды. Ел арасында өзінің даналығымен, ақыл-ойымен және жан тазалығымен танымал болды. Ғұмырының соңында туған жері Қаратауға оралып, намаз оқу кезінде өмірден озды.

Кесене

Кесенені тұрғызу жұмыстарын 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат бастады. Бұл үшін Бұхарадан белгілі сәулетші Абдулла Шери шақырылды. Мавзолей бейіттің үстіне тұрғызылған. Кейін ғимарат бірнеше рет қайта салынып, өзінің әуелгі келбетін сақтай алмады.

Ескерткіштің қазіргі келбеті 1996 жылы сәулетші С.Тоқтамыстың жобасы бойынша жасалды. Құрылыс жұмыстарында Маңғыстаудан жеткізілген ақ тастар қолданылды. Кесененің биіктігі 12 м, ол сегіз жапырақ тәріздес пішінде салынған, негізгі бөлігінде күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, ішінде екі киелі тас бар, бұл тастардың арасынан жаны таза адам ғана өте алады. Сондай-ақ, ішінде әртүрлі көне қолжазбалар мен көптеген қолдан жасалған бұйымдар сақталған.

Ұқсас: Айша Бибі кесенесі жайлы мәлімет