Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Оқушылар дене шынықтыру сабағында жарақат алмауы үшін, мұғалім сабақ басталмас бұрын, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге міндетті.
Кіріспе ережелері
- Дене шынықтыру сабағына қауіпсіздік ережелерімен танысқан оқушылар ғана қатысады.
- Физикалық жаттығулардан босатылған балалар, мұғалімге медициналық анықтамасын көрсетіп, сыныппен бірге сабаққа қатысуы керек.
- Оқушылардың спорттық киімдері жаттығу залындағы температураға және ауа-райы жағдайына сәйкес болуы керек.
- Сабақ барысында, сағыз шайнауға немесе тамақ ішуге тыйым салынады.
- Жаттығулар аяқталған соң, суық су ішуге болмайды.
Сабақ басталмас бұрын
- Оқушылар сабаққа кешікпей келуге міндетті.
- Ұлдар мен қыздар киімдерін бөлек бөлмелерде ауыстырады.
- Спорттық киімнің қалталарында қауіпті заттар болса, алып тасталады.
- Мұғалімнің пәрменін естігеннен кейін, оқушылар саптық қатарға тізіледі.
Дене жаттығулары кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- Балалар мұғалімнің барлық нұсқаулары мен бұйрықтарын мұқият тыңдап, дәл орындауға міндетті.
- Ұстаз рұқсат бермей, спорттық құралдарға жақындауға болмайды.
- Тайғақ немесе ылғал жерде жаттығулар жасауға тыйым салынады.
- Жүгіру кезінде тек алға ғана қарап, қажетті қашықтықты сақтау қажет.
- Басқаларға кедергі келтіріп, оқу процесіне қатысы жоқ істермен айналысуға болмайды.
- Жаттығу залынан ұстаздың рұқсатысыз шығуға тыйым салынады.
- Егер оқушы жарақат алса, жаттығуды орындауды тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлауы керек.
Қауіпсіздік техникасы — бұл білім беру процесінің маңызды элементі, сондықтан, мұғалімдер бұл ережелердің орындалуын қатаң қадағалауы қажет.
Ұқсас: Спорттың денсаулыққа пайдасы
Саламатзызба Махаббат Бақтыбай қызы! Мен Кубландин Амандық Кайтаевич сілтемелері қауіпсіздік ережелерімен таныстым.
Саламатсызба!
Махаббат Бақтыбайқызы
Мен Булекбаев Қасым Сагинаевич
Сілтемедегі қауіпсіздік ережелерімен таныстым..