Спорттың денсаулыққа пайдасы
Спорт – салауатты өмір салтынын негізгі бөлігі. Физикалық белсенділік денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді екен.

Спортпен айналысудың артықшылықтары
- Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді және стресспен күреседі.
- Арықтауға көмектеседі. Физикалық белсенділік – метаболизмді арттырып, қосымша калорийлерді азайтуға ықпалын тигізеді.
- Спортпен шұғылдану – иммунитетті және төзімділікті арттырады.
- Тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Спорттық іс-шаралар денеден көп күш алады, сондықтан ұйқы ұзақ және күшті болады.
- Дене шынықтыру кезінде өкпеде өзгерістер пайда болады. Өкпенің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, бронхит және пневмония аурулары туралы ұмытуға болады.
- Жаттығулар жасау кезінде, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жақсы әсер ететін эндорфиндер шығарылады.
- Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттеріне тигізетін пайдасы үлкен.
- Созылмалы аурулардың пайда болуының басты себептерінің бірі – дене белсенділігінің болмауы.
- Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады.
Абай болыңыз! Шамадан тыс жаттығулар қауіпті және түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.
Денсаулыққа пайдалы спорт түрлері

- Теннис. Зерттеулерге сәйкес, ол ағзаға ең үлкен пайда әкелетін спорттың түрі. Бұл ойын кезінде өкпе және бұлшықеттер үнемі жұмыс істеп отырады.
- Велосипед спорты. Велоспорт – аяқ бұлшық еттері, жүрек және өкпені күшейтетін спорттың түрі. Велосипедтен жүргенде, біздің өкпеміз толық күшпен жұмыс жасайды. Нәтижесінде оттегі қанға барып, ары қарай миға жеткізіледі.
- Жүзу. Малту барысында иық және жамбас буындары күшейеді. 10 минут ішінде, 60 калорий «жанып» кетеді. Өйткені, жүзу кезінде көп күш жұмсалады.
- Аэробика. Оның ішіне – жүгіру, би және гимнастика кіреді. Аэробика жүрек-тамыр ауруының болу мүмкіндігін төмендетеді.
Спорт – адамның денсаулығын қалыпқа келтіретін құрал. Оның қандай түрін таңдасаңыз да, ең бастысы одан рахат алу.
мен волейболды жаксы корем,ал с3здерше
Мне нравится теннис и велосипед…
Мен волейболды жақсы көрмим . Өйткені оны ойнау қиынунуни
онайго несы киын
Ол оңай емес әр спорт оңай емес
Барлық жерде киындыктар болады
Тусинбедим сизди
менде футболды жақсы көрем
А мне нравится TAEKWON-DO
Менде волейболды жақсы коремін
Маған баскетбол қатты унайды😅
Маған футболда баскетболда ұнамайды есесіне велосипед спорты ұнайды
Баскетбол ойыны ең күшті, самый қан айналымын жасқсартатын спорт түрі, жүгіріп жүріп ойнайды, математиканы, логиканы жақсартады, и еще ерте жатып ұйықтап қаласын
Мен валлеболды жаксы көремін
❤
Маған волейбол ұнайды
Мен атқа міну жақсы көрем сізше?