Бозжыра шатқалы туралы мәлімет

Қазақстанның ең таңғажайып жерлерінің бірі – Босжыра шатқалы, Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта, Үстірт қорығының аумағында орналасқан.

Фото: avesta-news.kz

10 миллион жыл бұрын бұл аймақта ежелгі Тетис мұхиты болған. Кейін құрғақ климаттың әсерінен, ол бірнеше теңізге ыдырап кетіп, орнында шөл пайда болды. Шатқалдың ландшафты мұхиттың түбінде түзілген әктас жыныстарынан тұрады. Осындай ерекше рельефтің қалыптасуына көптеген ғасырларға созылған эрозия мен кейбір табиғи факторлар себеп.

Ең биік нүктесі Бозжыра тауы (287 м). Мұндағы таулардың пішіні алуан түрлі, сүңгуір қайыққа, киіз үйге, мұнараға ұқсайтын таулар бар. Ең көрікті және танымал жері – «Азу тістер» деп аталатын қос әктасты шыңдар. Жарықтың түсуіне байланысты, жартастар құбылғы (хамелеон) сияқты сыртқы түрін өзгертеді. Каньонның түбінен тасқа айналған балдырлар, ұлулар және тіпті ежелгі акулалардың тістерін әлі күнге дейін тауып жатыр.

Табиғи нысан өзінің ауқымдылығымен таң қалдырады, онымен танысу үшін бір күн жеткіліксіз. Оған жету оңай емес, бірақ туристтердің саны жыл сайын өсіп келеді. Бір кездері шатқалда қонақүй кешені салынуы мүмкін деген хабар таралды, бірақ экологтар қарсылық білдірген соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны тоқтатуға бұйрық берді.

Халық арасында Бозжыра туралы аңыз-әңгіме естімисіз. Себебі, бұл аумақта бұрын-соңды адамдар қоныстанбаған. Шатқал 2006 жылғы 1000 теңгелік банкнотта бейнеленген.

Ұқсас: Шарын шатқалы жайлы мәлімет