Бокс туралы қызықты мәліметтер

Бокс – әлемдегі танымал және үлкен тарихы бар спорт түрі. Бұл спорттың жанкүйері болсаңыз, ол туралы деректермен таныс болыңыз.

туралы

Бокс жайлы 18 мәлімет

  1. Алғашқы бокс жекпе-жегі 1681 жылы өтті.
  2. Ең жылдам аяқталған жекпе-жек- 4 секундқа ғана созылды.
  3. Ауыр салмақтағы ең жас чемпион – Майк Тайсон (20 жас).
  4. Нокауттар саны бойынша рекордсмен – Джордж Форман (68 нокаут).
  5. 1988 жылы Майк Тайсон, Майкл Спинкс есімді боксшыны 91 секундтың ішінде нокаутқа жіберіп, 20 миллион долларды иемденді.
  6. Ең қымбат бокс жекпе-жегі 2015 жылы өтті. Жеңіске жеткен Флойд Мэйвезер – 210 миллион доллар, ал Мэнни Пакьяо – 140 миллион доллар табысқа ие болды.
  7. Джо Луис – чемпиондық атағын 25 рет қатарынан қорғап, тарихқа енді. Ол 11 жыл бойы жеңілмеген.
  8. 1990 жылы Мұхаммед Әли, Ирак президенті Саддам Хусейнмен кездесіп, кепілге алынған 15 американдық азаматты босату туралы келіссөздер жүргізді. Әйгілі боксшы мақсатына жетіп, бүкіл әлемді өзіне сүйсіндірді.
  9. Ең ұзақ болған бокс матчы – 7 сағаттан асты.
  10. «Анамнан басқа ешкімнен қорықпаймын» деп мәлімдеген Артуро Гатти есімді боксшы, өз әйелінің қолынан құрбан болды деген болжам бар.
  11. 1904 жылы бокстан ең алғашқы Олимпиада чемпионы болып, Джон Салливан атанды.
  12. 1999 жылы еркекпен әйел арасында алғашқы рет жекпе-жек өткізілді. Жеңіске ер міңезді нәзік жан жетті.
  13. Киноларда жиі кездесетін спорт түрі – бокс. «Рокки» фильмін білетін боларсыздар.
  14. Ұрыс кезінде тісауыт (капа) ұшып кетсе, төреші міндетті түрде ұрысты тоқтатуы керек.
  15. Сегіз салмақта чемпион аталған жалғыз боксшының есімі – Мэнни Пакьяо.
  16. Ол – әуесқой және кәсіпқой болып бөлінеді.
  17. Қатарынан 44 нокаутпен жеңіске жеткен Ламар Кларк, әлемдік рекордсмен.
  18. Американдық Флойд Мэйвезер – ғаламшардағы ең бай боксшы болып табылады.