Берел қорғаны туралы мәлімет
Берел қорымдары – Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында орналасқан. Бұл кешенде әртүрлі көлемдерде 70-ке жуық қорған бар.
1865 жылы орыс ғалымы Василий Радлов, экспедиция кезінде Шығыс Қазақстан аумағынан Үлкен Берел қорғаның тапты. Бұл зиратта жерленген адам, көзі тірісінде ру көсемі немесе беделді батыр болуы мүмкін. Адам мәйітінен бөлек, 17 жылқының сүйегі және алтын мен қоладан жасалған көптеген бұйымдар болды. Табылған заттар ерте темір дәуіріне жатқызылып, б.з.б. V-IV ғ. Берел кезеңі деп аталды.
Дегенмен, негізгі жаңалықты 1998-1999 жылдары М.Марғұлан атындағы Археология институтының Зейнолла Самашев бастаған археологтары ашты. Қорғаннан ер адамның, әйелдің және көптеген алтын бұйымдармен безендірілген 13 жылқының мәйіті табылды. Бір қызығы, жылқылар бүтін болып шықты. Жануарлардың терісі ғана емес, іші де сақталған. Құрылысшылар, қорғанды тұрғызған кезде, жел соққанда салқын төмен түсіп, зират ішіндегі температура -4 градусты бірқалыпты ұстап тұратындай етіп жасаған. Осының арқасында, барлық органикалық заттар 2000-ға жуық уақыт бойы жақсы сақталған. Қорғанның диаметрі 22,8-33,5 м, биіктігі 3 м.
Осылайша, бұл аймақта өмір сүрген тайпалардың құрылыс мәдениеті жоғары деңгейде болғандығы дәлелденді. Қорымдардан табылған бұйымдар қазақстандық музейлердің ғана емес, Ресейдегі әйгілі Эрмитаждың экспонаттарына да айналды. Ең құңды заттардың ішінде диадема, алқа, қару, шынайы және аңыз жануарлардың алтын мүсіндері бар.
Археологтар алқапты зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Жергілікті билік Берел қорғандарын тарихи-археологиялық мұражайға айналдыруға дайын екендігін мәлімдеді. Көп ұзамай, мыңдаған туристтер Қазақстанның бай тарихымен таныса алады.
Ұқсас: Сақтар жайлы мәлімет
Рахмет сыздерге
Маған керегі де осы еді
Kop rahmet❤️