Бекет ата мешіті туралы мәлімет

Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысындағы Оғланды ауданында орналасқан. Бұл діни ескерткіш XVIII ғасырда салынған.

Фото: culturemap.kz

Өмірбаяны

Адай руынан шыққан философ және ағартушы — 1750 жылы Құлсары (Атырау облысы) ауылының маңында дүниеге келген. Аңыз бойынша, 14 жасында түсіне Шопан ата кіріп, жасөспірімге білім алуға бұйрық берген. Данышпанның батасын алған Бекет, Хиуаға аттанып, мұсылман мектебін бітірді. Еліне оралған соң, емшілікпен айналысып, ауыр халдегі науқастардың өзін аяққа тұрғызған. Ол сондай-ақ, физика, математика, астрономия заңдарын жақсы білетін ғалым ретінде де танымал болды. Өз уағыздарында адамдарды әділ өмір сүруге және жақсылық жасауға шақырған.

Жер асты мешіті

Ғимараттың бастапқы келбеті жақсы сақталған. Мешітке күмбездің төбесіндегі терезе арқылы жарық түсіп тұрады. Ішкі көрінісі киіз үйге ұқсас. Оның бөлмелері бір-біріне тиіп тұр, ауа кіретін тесіктер жасалған. Ішінде намазхана мен 63 жасында қайтыс болған Бекет атаның жерленген орны бар. Тағы бір бөлмеде әулиенің әпкесі жатыр, оған тек әйелдерге ғана кіруге рұқсат етілген.

Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен қажылыққа келеді. Қорымға жету үшін төменге қарай 1,5 километр жүру керек. Бекет ата осы төңіректе аң аулауға тыйым салғандықтан, жол-жөнекей жабайы ешкі, түлкі және еліктер кездестіруге болады. Мешітте  суретке, видеоға түсіруге қатаң тыйым салынады.

Ұқсас: Қожа Ахмет Ясауи туралы мәлімет