Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет

Бауыржан Момышұлының ерлігі — ресми түрде мойындалған жоқ, ол Кеңес Одағының Батыры атағын тек 1990 жылы ғана алды. Соған қарамастан, бұл адам ел арасында үлкен беделге ие болды, қазақ халқы оны мақтан тұтқан.

z

Өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, туыстарының қолында тәрбие алды. 1932 жылы әскерге шақырылды, ал бір жылдан кейін училищені бітіріп, офицер атағына қол жеткізді.

1941 жылдың қыркүйегінен бастап, генерал-майор И.В. Панфиловтың басқаруындағы 316-атқыштар дивизиясының құрамында, батальон командирі лауазымында қызмет атқарды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда, жүздеген отандастарымыз батылдықпен шайқасып, майданда қаза болды. Осы ұрыстарда Момышұлы екі рет жараланды, бірақ, соғыс аланың қалдырудан бас тартты. Ол қоршауда қалып қойған батальонды, немістердің қамауынан бірнеше рет шығынсыз алып шыққан.

Өзін жігерлі, батыл және талапкер адам ретінде көрсете білді. Ол жақсы ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, әскери бөлімшелердің ұрыс қимылдарын шебер басқара алды. Момышұлының бұл командирлік қабілеті жоғары бағаланып, басшылық құрамы оны полк командирі қылып тағайындады.

1944 жылы Бас штабтың Әскери академиясының офицерлерлік біліктілікті арттыру курсын бітірді. Осыдан кейін, Бауыржанға полковник шені беріліп, ол 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының қолбасшысы лауазымында майданға қайта аттанды.

1945 жылы Латвияда өткен шайқастарда, оның дивизиясы жаудың күшті қорғанысын бұзып шықты. Нәтижесінде, 15 елді мекен азат етіліп, неміс әскеріне айтарлықтай шығын келді.

«Волоколамдық тас жолы» деп аталатын кітаптың басты кейіпкері болды. Осы кітаптың көмегімен, біздің атамыз шет елдерде де танымал бола бастады. Куба президенті Фидель Кастро, оны өз еліне кездесуге шақырып, оған Куба революциялық қарулы күштерінің 51-ші полкінің құрметті қолбасшысы атағын берді.

1955 жылы ауруына байланысты запасқа шығарылды.