Бақбақ гүлі жайлы мәлімет
Бақбақ — биіктігі 0,5 метрден аспайтын күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Бұл тұқымдасқа түймедақ пен күнбағыста кіреді.
Сәуір және мамыр айларында гүлденеді. Бақбақ кез-келген жерде өсіп жатыр: егістіктер мен бақшаларда, үлкен қалалар мен шағын ауылдарда. Арамшөп болып саналғанымен, ол А, В, С және К дәрумендерін қамтитын дәрілік өсімдік.
Гүлдің емдік қасиеттері ежелгі қытай және тибет медицинасында сипатталған. Олар өсімдікті «өмір эликсирі» деп атаған. Қытайлықтар оны аппендицит, фурункул, кариес, дерматит, безгек, бауыр ауруы және шірінше сияқты дерттерден емделу үшін қолданған.
Тамырынан жасалған препараттар қанды артық холестериннен тазартып, жүйке жүйесіне пайдалы әсер ететіні дәлелденген. Сонымен қатар, оның тамыры каучуктың табиғи көзі болып табылады. Қазіргі уақытта, бақбақ өсіруге арналған өнеркәсіптер көбейіп жатыр.
Жапырағының шырыны — калийге бай тиімді несеп айдатқыш. Бүйрек пен өттен тастарды кетіру процесін жылдамдатады. Оны ісіну және гипертония кезінде денедегі артық сұйықтықты шығару үшін қолданады.
Құрамындағы биологиялық белсенді заттардың арқасында қабынуға мен құздамаға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Гүлшоғыры мен жапырағында тараксантин, флавоксантин сияқты каратиноидтар бар. Пайдалы заттардың бай құрамына байланысты тек фармакологияда ғана емес, сонымен қатар аспаздықта да пайдаланады.
Шөп инсулин өндірісін күшейтіп, көмірсу мен липидтің зат алмасуын реттейді. Сондықтан дәрігерлер оны қант диабеті, қалқанша безінің аурулары және арықтау үшін ұсынады.
Терлететін және қызу түсіретін әсері бар, оны температура көтерілген кезде ішуге болады. Сондай-ақ ЖРВИ, тұмау және бронхит ауруларынан көмектеседі.