Ауа туралы қызықты мәліметтер
Адам өмір сүре алмайтын тіршілік көзі не? Әрине, бұл – ауа. Біз тыныс алмай бірнеше минут ғана жүре аламыз. Сондықтан, оттегі туралы фактілерді оқу, сіз үшін пайдалы болады деп ойлаймын.
Ұқсас: Су туралы қызықты мәліметтер
Ауа жайлы 15 қызықты мәлімет
- Әлемдегі ауасы ең таза ел – Швейцария, ал ең ласы – Қытай.
- Адам бір күнде орташа есеппен алғанда, 22 мың рет дем алады.
- Жер бетіндегі ауаның – 78%-ы азоттан, 21%-ы оттегіден тұрады.
- Біз дем алатын ауаның 25%-ы, миды нәрлендіруге барады.
- Үлкен биіктікте, ауа қысымының төмендеуі себебінен, адам оттегіні аз мөлшерде алады. Сол себептен таулы жерлерде: бас ауруы, шаршау, ұйқышылдық және тыныс алу қиындықтары туады.
- Көптеген адамдар ауаның салмағы жоқ деп ойлайды. Шын мәнінде бір текше метр ауа 1,225 кг-ға тең.
- Каирде ауаның ластануы соншалықты, бір күн бойы тыныс алу, бір қорап темекі шеккенмен бірдей.
- Суық тиюден болатын аурулардың 90%-дан астамы далада емес, жабық бөлмеде жұғады.
- Жерорта теңізінде оттегіні қажет етпейтін микроорганизмдер табылды.
- Ауасыз өмір сүру рекордын 2010 жылдың 1 сәуірінде Стиг Северинсенмен жаңартты – ол 20 минут 10 секунд бойы тыныс алған жоқ.
- Амазондағы өсетін орман – әлемдегі барлық оттегінің 20%-ын өңдіреді. Сондықтан ормандар біздің ғаламшардың жасыл өкпесі деп аталады.
- Автокөліктердің қозғалтқыштары, адамдарға қарағанда ауаны әлдеқайда көп пайдаланады.
- Ересек адам әрбір минут сайын, шамамен 4,5-5 литр оттегімен тыныс алады.
- Үлкен қысым арқылы ауаны сұйық қылдыруға болады.
- Зерттеулерге сәйкес, ең таза ауа – Австралияның Тасмания аралында.
Өте керемет екен
Керемет
Балалар үшін керемет мәлімет
Күшті
??
Күшті,похвально!
Күшті екен маған өтте ұнады
МӘССАҒАН!Осындай да бола ма екен?! 7-9-10-13-інші мәліметтер ТАҢҚАЛАРЛЫҚ! I’M SURPRISED!
Мен үшін бұл мәліметтер қызықсыз болды және бұл өзімнің ойым, хэйь етіп комент жазбаяш қойыңыздар!(
Өте керемет екен сізге үлкен рахмет!