Артемида ғибадатханасы туралы мәлімет

Артемида – гректердің құнарлылық және аңшылық құдайы. Жергілікті тұрғындар оны ерекше құрметтепп, ғибадатхана салуды ұйғарған.

Эфес қаласы жылдам дамып, Кіші Азияның ең ірі сауда орталығына айналды. Құрылысты Лидия патшасы Крез қаржыландырды, ал ғимаратты тұрғызу жұмыстарын Кносс сәулетшісі Харсифрон басқарған. Сәулетші қайтыс болғаннан кейін, оның ісін ұлы Метагенес жалғастырды. Құрылыс б.з.д. 550 жылы аяқталды.

Жер сілкінісі кезінде ғибадатхананың қирауын болдырмау үшін оны батпақты жерде салу көзделді. Алдымен үлкен шұңқыр қазылып, ішіне көмір мен бұқаның терісі толтырылды. 127 мәрмәр бағана құрылыс алаңына тікелей тас өндіретін жерден тасымалданды, жұмысшылар оны жеткізу үшін ондаған шақырым жол жүрген.

Бұл ғимарат – ежелгі дүниенің ең үлкен ғибадатханасы болып табылады: оның ұзындығы 110 м, ені 55 м. Төбесін 18 метрлік бағаналар тіреп тұрды. Діңмаңдайшасы шебер оюланған барельефтермен безендірілді. Негізгі материал ретінде мәрмәр қолданылды, тек жабыны мен кейбір сәндік элементтері ағаштан жасалды. Храмның ортасында Артемиданың 15 метрлік мүсіні орнатылды.

Аңыз бойынша, өз есімін тарихта қалдыу мақсатында, Герострат есімді адам ғимаратты өртеп жіберуге шешім қабылдаған. Нәтижесінде, іші толығымен өртеніп, қара түтінге боялған. III ғасырдың басында қайта қалпына келтірілді.

Император Феодосийдің тұсында пұтқа табынуға тыйым салынып, Артемида храмы жабылды. Тұрғындар мәрмәр тастарды өз қажеттіліктері үшін  алып кетті. Бүгінгі күні, зәулім ғибадатханадан әрең көрінетін іргетасы мен бір бағанасы ғана сақталған! Ол қазіргі Түркия мемлекетінің Селчук қаласында орналасқан.