Ара туралы қызықты мәліметтер
Аралар құмырсқаларға ұқсас, өйткені олар өте еңбекқор. Бұл жәндіктер өздерінің ынта-жігермен және бірлескен жұмысымен ерекшеленеді. Егер ара болмаса, біз бал сияқты пайдалы және дәмді тағам туралы білмейтін едік.

Аралар жайлы 14 факт
Өмір сүру ұзақтығы 40 күннен аспайды. Осы уақыт ішінде ол бірнеше маңызды тапсырманы орындайды. Алдымен жатырдағы ұяшықтарды тазартады. Содан соң, ұяға таза ауаның келіп тұруын қамтамасыз етеді. Тек өмірінің соңында ғана бал шығарады.
1 қасық балды табу үшін, 200 ара күні бойы жұмыс істеуі керек.
Ара – өзінен 30-40 есе ауыр затты көтере алады.
Бір килограмм балды шығару үшін, 10 миллион гүлдің шырыны қажет.
Жер бетінде араның 21 мың түрі бар.
Сау адамды өлтіру үшін, ара оны 500-1000 рет шағу керек. Ал, араларға аллергиясы бар адамға, бір рет те жетеді.
Бір ұяның аралары, жылына 150 кг бал өндіре алады.
Статистика бойынша, араның шағуынан көз жұмған адамдардың саны, жылан өлтірген адамдардың санынан көп.
Араның уын медицинада қолданады. Оның көмегімен невралгия, артрит, жоғары қан қысымы және т.б. аурулар емделеді.
Оның 5 көзі болады. Бұл жәндіктердің көздері өте нашар көреді, олар бір жарым метрден асатын заттарды көре алмайды. Бірақ, олардың иіс сезу қабілеті өте дамыған. 1 километр қашықтықтағы гүлді сезіп қояды.
Бір күннің ішінде 3-4 мың гүлге қоңып шығады.
Арамен қоректенетін бір құс ғана бар. Ол – сарышымшық.
Аралар адамдардан 50-60 мың жыл бұрын пайда болған.
Ең кішкентай араның көлемі – 2,1 мм ғана.
кызык акпарат
кушті
Керемет ?
Араның біраз бөлігі әйнектен тұрады
qКеремет?
өте керемет ақпарат
Ол бір рет шақса қыста ауырмайсын
Мә мынаны өзім білмейімғо
Мәә аралар бір айдай өмір сүреді екен 😔
Араның шатырын салу көптеген химиялық құрамдардан тұрса,әрине ол құрамдарды тасуда болса,өмір үшін зияндығынанда аз өмір сүргеніде,.бірақ жақсылығы мол болғаннан,.таптырмайтын Құдіреттің күшімен уникальды дәрілер бере алады екен.Қасиетті,кереметтілігіде сонда
екен.
Менің қызым осы мәліметті сабаққа ертен апарады рахмет😍❤