Аңырақай шайқасы жайлы мәлімет

150 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысының шешуші шайқасы Аңырақай қаласында өтті. Бұл ұрыста қазақ жауынгерлері жаудың әскерін талқандап, өз жерлерін басқыншылардан сақтап қалды.

Шайқас 1729 жылдың көктемінде Аңырақай тауларында болғаны белгілі. Бұл аймақ маңызды стратегиялық нүкте болып саналған, өйткені осы жерден Сарысу өзеніне, Қарқаралы және Ұлытау тауларына шығатын жол орналасқан.

Жазғы мезгілде бұл аймақ сусыз дала. Тек көктемде ылғал пайда болып, шөптер жасылданады. Сондықтан, шайқас ұзаққа созылғанның өзінде, жылқыларды жем-шөппен, ал сарбаздарды сумен қамтамасыз етуге жақсы жағдай жасалды.

Тау ландшафттары атты әскерлердің шабуылын ұйымдастыруға, түрлі маневр жасауға және тіпті артқа шегінуге мүмкіндік жасады. Ал, шайқас алаңының алдында тоғай ормандарының орналасуы, әскердің жасырынуы үшін қолайлы болды.

Қазақ әскерінің жалпы саны 30 мыңға жетті. Шайқасқа барлық үш жүздің өкілдері қатысты. Бұл атақты билер – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, батырлар – Бөгенбай, Қабанбай, Бекжан және т.б.

Қазақтар әдеттегі дала тактикасын қолданды. Жаудың алдынан шыққан аз ғана жауынгерлер, кері бұрылып, жоңғарларды соңынан еруге мәжбүрледі. Аңғардың ішіне терең еңген кезде, оларға екі қапталдан кенеттен соққы жасалып отырды.

Жоңғарлар қазақ сарбаздарының тұтқиылдан жасаған шабуылдарына тойтарыс бере алмай, артқа шегінуге мәжбүр болды. Тауға қайта шығуға әрекеттер жасалғанымен, қазақ қолбасшылары бұндай маневрды алды-ала болжап, төтеп беріп тұрды.

Одан кейінгі ұрыс қимылдары барысында қазақ даласының үлкен территориялары басқыншылардан қайтарылып алынды: Сырдария, Арыс, Ұлытау, Сарысу аудандары, Балқаштың солтүстігі, Талас және Шу жазық аңғарлары. Қазақтар Іле өзенінің шекарасына дейін жетті. Сөйтіп, Аңырақай шайқасы қазақ жерін жоңғар езгісінен азат ету жолындағы шешуші шайқасқа айналды.

Ұқсас: Орбұлақ шайқасы жайлы мәлімет