Антарктида жайлы мәлімет
Антарктида — әлемге өзінің суығымен, пингвиндарымен, сирек кездесетін өсімдіктерімен және пайдалы қазбаларымен белгілі. Сондықтан, бұл материк — ғылыми тұрғыдан үлкен қызуғышылық тудырады.
Антарктида ешбір мемлекетке тиесілі емес. Бұл туралы — 1961 жылдың 23-ші маусымында шыққан конвенцияда айтылған.
Оның кейбір аймақтарына, 2 миллион жыл бойы жаңбыр да, қар да жаумаған.
Адамзат тарихындағы ең төмен температура осы материкте тіркелген (-89 градус Цельсий).
Оның — 99%-ын мұз басып жатыр. Мұздың орташа қалыңдығы — 1,6 км.
Кейбір мәліметтер бойынша, әлемдегі тұшы судың 70%-ы, осы аумақта орналасқан.
Бұл жердегі ең жылы мерзім — ақпан айы.
Егер Антарктиданың мұздары еритін болса, мұхиттардың деңгейі 60 метрге жоғарылайды.
Антарктидада ақ аюлар өмір сүрмейді. Бұл аңдарды көру үшін, Солтүстік полюске немесе Канада еліне бару керек.
Уэддел теңізі — планетадағы ең таза теңіз деген атаққа ие. Мөлдірлігі соншалық, 80 метр тереңдіктегі заттарды көруге болады.
Антарктиданың тұрақты тұрғындары болмаса да, мұндағы ғылыми станцияларда 4000 адамға дейін өсір сүреді.
Пайдалы қазбаларға бай. Бірақ, оларды өңдіруге тыйым салынған.
53 миллион жыл бұрын жылы континент болған. Тіпті, жағалауларында пальма ағаштары өсіп тұрған.
Ең үлкен айсберг — Антарктиданың суларында орналасқан. Оның аумағы Ямайкадан үлкен.
Материкті 1820 жылы ресейлік саяхатшылар ашты. Бұл уақытқа дейін, ол кішігірім аралдардан тұрады деген болжамдар болған.
Бұл материкте 10 бала туылған. Алғашқы адам 1978 жылы дүниеге келді.
Ақпарат жақсы,Антарктика маған қызық ел