Гималай тауы туралы мәлімет

Азияның оңтүстігінде тұрған Гималай тауында – әлемнің ең биік нүктесі болып табылатын Эверест (Джомолунгма) шыңы (8848 метр) орналасқан.

-

Оның ұзындығы – 2500 км, ал ені – 350 км. Аумағы – 650 мың шаршы километр. Флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Мұнда пальма, бамбук, емен, фундук, қайың, көк қарағай, шырша, балқарағай, арша және т.б. өсімдіктер өседі. Ал жануарлардың ішінде тау ешкілері, қошқарлар, аюлар, пілдер, қабандар, бөкендер, жолбарыстар және маймылдар жиі кездеседі.

Гималай біздің планетамыздың ең жас тауларының бірі. Ғалымдар оның қалай пайда болғанын анықтай алды. Олардың айтуынша, бұрын Үнді субконтиненті оңтүстік тақтаның бөлігі болған, содан соң ол солтүстікке қарай жылжып, Азиямен соқтығысқан. Нәтижесінде, осы тау жүйесі қалыптасты. Бұл қозғалыс шамамен 70 миллион жыл бұрын басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Сол себепті, Гималай тауы жыл жайын 7 сантиметрге өсіп келеді.

Альпинизм – бұл аумақтағы ең негізгі туристтік бағыт болып саналады. 1953 жылы Эдмунд Хиллари мен Тенцинг Норгей есімді  альпинисттер, алғаш болып – Эверест шыңын бағындырды.

Таудың беткейлерінде көптеген буддисттік монастырьлар мен қауымдастықтар бар, олар осы аумақта бірнеше мың жыл бұрын пайда болған. Сондықтан, бұл жерге туристтер мен альпинисттер ғана емес, сонымен қатар, индуизм және буддизм діндерінің өкілдері қажылыққа келеді.

Жергілікті тұрғындар егіншілікпен айналысады. Олар күріш, жүзім, шәй және цитрустар өсіреді. Сондай-ақ, Гималай пайдалы қазбаларға бай. Бұл жерлерде мыс, алтын, мышьяк және хром кен орындары орналасқан. Ал тау бөктерінде мұнай, газ және көмір бар.

Ұқсас: Таулар туралы қызықты мәліметтер