Тәтті тағамның зияны

Британдық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес тәтті тағам адам ағзасында есірткі сияқты тәуелділік тудырады екен. Тәттінің адамдардың денсаулығына зияны барма екен?.jpg

Қанттың қанда көп болуы адамды тері ауруларына, диабетке және әр түрлі жүрек сырқаттарына әкеп соқтырады.  Тәттімен жиі қоректену денедегі қажетсіз процестерді тудырады, соның салдарынан сіз өзіңізді жаман сезінесіз. Қант микроағзалардың өсуін тудырады. Ал ішекте және қынапта өмір сүретін пайдалы лактобактериялар азая бастайды. Ал оның кесірінен дисбактериоз, кандидоз (молочница) аурулары басталады. Көп мөлшерде тәтті жеу – энергияның жеткіліксіз екендігінің айқын белгісі. Әсіресе ұзақ еңбек еткеннен немесе стресстен кейін. Қант қан қысымы мен жүрек соғу жылдамдығын арттыратын инсулиннын деңгейін көтереді.

ТӘТТІ ТАҒАМДАРДЫ ЖЕУДЕН БАС ТАРТСАҢЫЗ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАНДАЙ ПАЙДА ТИЕДІ?

say-yes-to-the-live-2121044_1920-715x400

Теріңіз – серпімді әрі жұмсақ болады (қант белоктарды бұзады). Уақыт бет былғарыдан (прыщ) тазарады. Егер басыңыз майланатын болса- тәттіні жемеу бұл мәселені шешеді. Метаболизм қалыпты жағдайға келтіріліп, май бездерінің қызметі баяулайды. Сіз күн сайын шашты жуудан бас тартасыз.

Дене пішініңіз сымбатты болады. Диетаны ұстанбайтын болсаңыз да, тәтті тағамнан бас тартсаныз аптасына шамамен 0,5 килограмға арықтап отырасыз! Біртіндеп целлюлит те жоғалады.

Тіс жегісі (кариес) жоғалады. Тіс жегісі тәттіні жақсы көретін бактериялардың көп болуынан пайда болады. Яғни, сіз шоколадты жеп жатқан уақытта тістің эмальін бұзатын бактериялар белсенді көбейе бастайды.

Көңіл-күй егер тәтті болмаса әлдеқайда көтеріңкі болады. Ешқандай эмоционалдық жарылыстар, депрессиялық күйлер мен күйзеліс болмайды. Ұзақ уақыт жұмыс істеп, тез ұйықыңыз үнемі қанып жүреді.

Бұл өмір емес ертегі сияқты. Бірақ бұл шын мәнінде қол жетімді, егер сіз тәттіден бас тартсаңыз!