Жұбайлардың ажырасу себептері

Күйеуі мен әйелі кеше ғана бақытты болып көрінген, ал бүгін ажырасу туралы шешім қабылдады. Бұған кім кінәлі? Махаббаттын жоғалуы ма? Бір-бірінен шаршағандық па? Әлде, көзге шөп салғандықтан ба?

Қазақстанда және бүкіл әлемде ажырасу саны өсіп келе жатқаны белгілі. Тек ислам мемлекеттерінде бұл сан төмен. Ол елдерде некені бұзуға ерлердің ғана құқығы бар. Мүмкін сондықтан шығар.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ АЖЫРАСУҒА АПАРАТЫН СЕБЕПТЕР:

Отбасылық өмірге дайын болмау

Бұл негізгі себептердің бірі болып саналады. Статистика бойынша 50% ажырасқандар осы жағдайды себеп қылған.

Көзге шөп салу

Жұбайларды неке бұзуға мәжбүр ететін тағы бір себеп – бұл көзге шөп салу. Еркек пен әйелді бұл жағдайға апаратын себептер әр түрлі, бірақ  екеуі де оны ажырасу үшін жеткілікті аргумент деп санайды.

Қарыздар

Несие төлеу, үйді жалдап тұру, тойдан кейінгі қарыздарды төлеуден туындаған отбасыдағы қиын экономикалық жағдайға шыдай алмау,  жастардың ажырасуына әкеледі.

Сексуалдық қанағаттанбаушылық

Сексуалдық өмірдегі қиындықтар – бұл ерлі-зайыптылардың ажырасуының тағы бір себебі. Төсекте өзара түсіністікке жетпеген жас жұбайлар өзінің өмірін жиі сексопатологтың кабинетінде емес, сот залында аяқтайды.

Мінездерінің сәйкес келмеуі

Көбінесе ажырасудың себебі – мінездерінің бір-біріне келмеуі  және өмірге, халық дәстүрлеріне және дінге деген көзқарастарының басқаша болуы.

Зиянды әдеттер

Алкоголизм, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік – бұл біздің елімізде өкінішке орай жиі кездеседі.

АЖЫРАСУ КЕРЕК ПА, ӘЛДЕ ЖОҚ ПА?

Ажырасу туралы ойлар тыныштық бермей жүрсе, психологтар өзара қарым-қатынаста үзіліс жасауға кеңес береді. Бұл сізге ажырасу шын мәнінде сізге қажет пе екенін түсінуге көмектеседі. Алдымен сізге тыныштық қажет. Мұндай сұрақтар суық қанмен шешілуі керек, өйткені некенің болашағы шешілуде. Егер қате шешім қабылдасаңыз, өмір бойы өкінесіз. Некені бұзу туралы ойдың келуіне не себеп болғанын түсіну қажет. Қандай әрекет араңыздағы сезімді салқындатты? Бұл жағдайда мұқият ойлану керек. Жақын адамсыз өмір сүре аласызба? Егер некеден балалар қалса, онда асықпай ойланып, нақты шешімге келіңіз.