Жаңбырдың пайдасы бар ма?

Таза ауада серуендеу, адамның денсаулығына жақсы әсер тигізетіндігі белгілі. Ал жаңбырлы күні далаға шығу пайдалы ма?

.jpg

Пайдасы

Жаңбырдың емдік қасиеттері ерте заманнан бері белгілі. Адамдар оны шомылу және тамақ әзірлеу үшін қолданған. Қазіргі заманда ғалымдар, әйелдерге беттерін жұмсақ жаңбыр суымен жууға кеңес беруде. Өйткені, ол терінің ылғалдылығын сақтайды.

Күзгі жауын-шашын жақсы болса, келесі жылы мол егін болады. Құрғақшылық болған жағдайдың өзінде, ол өнімділікке әсер етпейді.

Жаңбыр тамшыларының дыбысы – босаңсуға көмектесетін дыбыстық терапия. Жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдарға аса пайдалы. Сонымен қатар, жаңбырдан кейін ауа тазарып, тыныс алу жеңілдейді.

Ол – жазда өсімдіктердің қурап қалмауына көмегін тигізеді. Сондай-ақ, жаңбырлы аймақтарда орналасқан өсімдіктер жылдам және үлкен болып өседі. Орман өрттерінің саны азаяды!

Зияны

Сарапшылардың пікірінше, көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайда болуы және автокөлік санының көбеюі, жаңбыр суының бұрынғыдай пайдалы емес екендігін айтады.

Индустрияландырылған аймақта өмір сүретін болсаңыз, онда жаңбыр суы қышқыл болады. Бұл жауыннын астында жиі қалған жағдайда, шаш түсіп, организм улануы мүмкін. Күкірт және азоттың көп мөлшерде болғандығынан, мұндай суды тұрмыста қолдану, адам үшін қауіпті.