Жираф туралы қызықты мәліметтер

Жираф (Керік) – жер бетіндегі ең керемет және әдемі жануарлардың бірі. Адамдар бұл хайуанға үлкен қызығушылықпен қарайды, әсіресе балалар.

.jpg

Жираф жайлы 11 мәлімет

  1. Олар тұрып ұйықтайды және ұйқысы 10 минуттан аспайды.
  2. Керіктің терісіндегі дақтар, адамдардың саусақ іздері сияқты – бірегей. Дақтардың түсі бойынша, жануардың жасын анықтауға болады.
  3. Бір қадамы 4 метрден асады. Ол жай жүріп келе жатқанның өзінде, сізге оған жету үшін жүгіру керек болады. Бұл жануардың орташа жүгіру жылдамдығы 60 км/сағ.
  4. Ұрғашының жүктілік мерзімі – 14 ай. Жаңа туылған жирафтың өмірі, 2 метр биіктіктен құлаудан басталады. Ал, 1 сағаттан кейін ол жүре бастайды.
  5. Ғылыми атауы – camelopardalis. Латын тілінен аударғанда «camel» – түйе, ал «leopard» – леопард дегенді білдіреді. Терісіндегі дақтар леопардқа, ал көлемі түйе сияқты үлкен болғандықтан, Ежелгі Рим тұрғындары оны осылай атап кеткен. Ал «жираф» сөзі араб тілінен келген, ол «сәнді» деп аударылады.
  6. Тілінің түсі қара, ал ұзындығы – 45 сантиметр. Тілінің көмегімен, өз құлағын тазалай алады. Бір-бірімен сөйлесу үшін, ысқыруға ұқсас дыбыстарды шығарады.
  7. Күніне 15-20 сағат уақытын тамақтанумен өткізеді. Осы уақыттың ішінде 30 кг азықты сіңіруі мүмкін.
  8. Түйе сияқты су ішпей бірнеше апта немесе ай жүре алады.
  9. Әлемдегі ең ұзын жануар. Олардың ұзындығы – 6 метр, ал салмағы 1,5 тоннадан асуы мүмкін.
  10. Керік – әлемдегі есіней алмайтын жалғыз жануар. Тіпті, құстар мен балықтардың өзі есінейді.
  11. Оған шабуыл жасауға күші жететін жалғыз аң – арыстан. Бірақ, олар өзін және ұрпақтарын қорғау үшін тұяқтарын қолданады.