Зат алмасу маңызы

Зат алмасу дегеніміз – ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың жиынтығы. Бұл өте күрделі процесс, оған 30000-ға жуық ақуыз қатысады. Үдеріс барысында, біз тұтынған тағамдар мен сусындар энергияға айналады.

Зат алмасу процесінің бұзылуы, адамның өмір сүру сапасын нашарлататын ауруларды тудыруы мүмкін. Оның ішінде атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, семіздік, қант диабеті, тұз байлану ауруы және тіпті онкология бар. Метаболизм бұзылуының белгілері:

  • тыныс тарылу;
  • дененің бөртуі;
  • жылдам салмақ жинау немесе жоғалту;
  • жиі зәр шығару;
  • көңіл-күйдің күрт өзгеруі;
  • есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
  • бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну;
  • ұйқысыздық;
  • созылмалы күйзеліс (стресс).

Біз демалған кездің өзінде, ағзадағы зат алмасу процесі бір минутқа да тоқтамайды: өкпеміз оттегімен толтырылады, қан айналады, тамақ қорытылады және т.б. Ол жылдам болса, тамақпен бірге келетін микроэлементтер соғұрлым тез сіңіріледі. Егер баяуласа, адам артық салмақ жинай бастайды. Дұрыс зат алмасудың кілті – ол салауатты өмір салты қағидаларын ұстану. Қалыпқа келтіру жолдары:

  • дұрыс тамақтану;
  • зиянды әдеттерден бас тарту;
  • тәулігіне кемінде жеті сағат ұйықтау;
  • жеткілікті мөлшерде су ішу;
  • қант пен тұзды жеуді азайту;
  • жиі серуендеу.