Химия кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері

Химия сабағындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына ерекше назар аудару керек, өйткені оқушылар қауіпті заттармен және реагенттермен жұмыс істейді. Зертханада қышқылдармен, газдармен және әртүрлі ерітінділермен тәжірибелер жүргізіледі. Осы себепті балалардың жарақат алу қаупі өте жоғары.

Қауіпсіздік талаптары

  • Кабинетте тазалық пен тәртіп сақталуы керек. Біреуге кедергі келтіріп алаңдатпаңыз, бұл жазатайым оқиға әкелуі мүмкін.
  • Зертханада жалғыз жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады, барлық жұмыстар тек қызметкердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
  • Зертханаға тек мақта-матадан жасалған халатпен, резеңке қолғаппен және арнайы көзілдірікпен ғана кіру керек.
  • Химиялық заттардың дәмін татуға болмайды. Ыдысты бетіңізге жақындатпай, абайлап иіскеуге ғана рұқсат етіледі. Себебі, бу адамның тыныс алу жолдарына еніп, шырышты қабықтың тітіркенуін тудырады.
  • Өрт немесе күйіктің иісі сезілсе, мұғалімнің нұсқауы бойынша тез, үрейсіз кабинеттен шығып кетіңіз.
  • Реактивтерді қыздырған кезде ешқашан өзіңізге бұрмаңыз және қарамаңыз.
  • Химия кабинетіндегі әрбір адам өртке қарсы қалқан мен дәрі қобдишасының қай жерде орналасқанын білуге міндетті.
  • Реагенттері бар шыны ыдыстарды бір қолымен мойнынан, екінші қолымен түбінен ұстау қажет.
  • Егер жарақат алсаңыз немесе кенеттен ауырып қалсаңыз дереу мұғалімге хабарлаңыз.
  • Қалдықтарды шұнғылшаға құюға тыйым салынады. Барлық сұйықтықтар арнайы ыдысқа жиналады.
  • Зертханалық жұмыстардан кейін қолды сабынмен жақсылап жуыңыз.