Венеция туралы қызықты мәліметтер
Венеция — ерекше және бірегей қала. Өйткені, ол суда тұр. Сондықтан, бұл аралға — жыл сайын миллиондаған туристтердің келуі, таңғалдыратын жағдай емес.
Венеция жайлы 12 мәлімет
- Венеция — суға батып бара жатыр. Шамамен 100 жылдан дейін, бұл қала толығымен судың астына кетеді.
- Венесуэла мемлекеті, осы қаланың құрметіне аталған. Америго Веспуччи басқарған саяхатшылар, жергілікті тұрғындардың үйлерін көрген кезде, олардың есіне Венеция түскен.
- Қайтыс болған адамдар, Сан-Микеле зиратына жерленеді. Әрбір 7-10 жыл сайын, эксгумация жасалып, мәйіт колумбарийге (кремациядан кейінгі, өліктің сүйегінің күлі сақталатын орын) жіберіледі.
- Көгершіндерді тек қана Сан-Марко алаңында тамақтандыруға рұқсат беріледі. Әйтпесе, айыппұл салынады.
- Венецияда дүкендер аз, өйткені оларға орын жоқ. Сол себепті, саудагерлер өнімдерін көшеді тұрып сатады.
- Бұл аралда автокөліктер және автобустар жоқ. Олардың орнына, «су автобустары» және қайықтар қолданылады. Сондай-ақ, велосипедпен жүруге тыйым салынған.
- Венецияда небәрі 20-25 сантехник ғана бар, өйткені, аралда канализация жоқ. Қалдықтар тікелей арналарға кетеді. Ал ағынды су, оны ары қарай теңізге әкетеді.
- Тұрғындардың саны — 270 мың адам. Ал, бір жылда келетін туристтердің саны — 17-18 миллион.
- Италиядағы ең қымбат жылжымайтын мүліктер — осы қалада орналасқан.
- Ол — 1500 жыл бұрын салынған және 118 аралдан тұрады. Қаланың басты символы — «қанатты арыстан». Италияның қылмыс деңгейі ең төмен қаласы.
- Қараша және желтоқсан айларында Венецияға бармаған дұрыс, өтйкені, бұл мерзімде су деңгейі көтеріледі.
- 17-ғасырда болған оба ауруынан, тұрғындардың үштен бір бөлігі қаза болды.