Мерей тойға арналған құттықтаулар

Туған күн мерекесі жыл сайын атап өтіледі, ал мерей той өмірде бірнеше рет ғана болады. Бұл күні – мереке иесін құттықтауға келген қонақтар көптеген тілектер айтады.

.jpg

Ұқсас: Туған күнге арналған құттықтау тілектер

70 жас

Сіз бүгін 70-ке толдыңыз. Бүгінгі мерейтой – мереке ғана емес, бұл өміріңіздегі ең маңызды күндердің бірі. Сіздің артыңызда ұзақ ғұмыр қалды, бірақ өміріңіз осымен тоқтап қалмайды. Алдыңызда көптеген қызықты және қуанышты оқиғалар болады. Қайғырмаңыз, 70 жас бұл шектеу емес, тек бастамасы. Алла қаласа, 10 жылдан кейін, бұдан да ауқымды тойды атап өтеміз!

70 жасқа толған мерей тойыңызбен құттықтаймын! Бұл мереке – өміріңіздегі ең қуанышты күндердің бірі болсын! Сіз кез-келген кедергілерден өте алатыңызға көзіміз жетті. Барлық армандарыңыз бен жоспарларыңыз орындалсын! Достарыңыз бен туыстарыңыздың шеңбері кеңейіп, үйден бақыт кетпесін! 100 жасаңыз!

60 жас

Құрметті мерейтой иесі! Сіз мейірімді, жауапкер және адамгершілігі мол адамсыз, сол үшін біз сізді үлгі тұтамыз! Жасыңызға жас қосылып жатқанға қарамастан, бұрынғы сұлулығыңызды жоғалтқан жоқсыз! Бізге жасаған барлық жақсылығыңыз үшін, сізге үлкен рахмет айтамыз. Шын жүректер зор денсаулық, сәттілік, бақыт және отбасылық береке тілейміз! 60 жасыңыз құтты болсын!

Туған күніңіз құтты болсын! Осы күнге дейін, басыңыздан көп нәрсе өтті, жақсы да, жаман да. Өміріңізде тек жақсылық қалып, жамандық мәңгілікке ұмытылып кетсін деп тілеймін!  Сіз сүйікті ана, мейірімді әже, адал жар және керемет доссыз. Керемет отбасы құрдыңыз. Енді өміріңізде жаңа жолдар ашылады. Сондықтан, мұңаймаңыз. Сізді болашақта әлі көптеген тосынсыйлар күтіп тұр!

Мерей тойыңызбен құттықтаймын! Өзіңіз білетіндей, төлқұжатта 60 деп жазылса да, әйелдің жасы әрқашан 18-де! Өміріңіздің ең керемет сәттері әлі алда! Сіз өте мейірімді жансыз. Көмек немесе қолдау сұраған адамдардың бетін ешқашан қайтарған жоқсыз. Сондықтан, біз сізден үлгі алуға тырысамыз! Алла тағала сізге және сіздің отбасы мүшелеріңізге бақыт пен береке берсін! Ешқашан ауырмаңыз!

Ұқсас: Үйлену тойға арналған тілектер

50 жас

Қымбатты той иесі! Сізді туған күніңізбен құттықтау үшін, осы мерекелік дастарқанда жиналып отырмыз. «Мың шақырым – қашықтық емес, жүз бұғы – табын емес, алпыс градус – аяз емес, елу жыл – жас емес» деген сөз бар! Сондықтан, 50 жас – қорытынды жасайтын уақыт емес, бұл өмірден ләззат алатын кезең! Бүгін айтылған тілектердің барлығы орындалсын деп тілеймін! Өйткені, сіз бұған лайықсыз!

Жарты ғасырлық мерейтойын құтты болсын! Осы мерекелік дастарханда, 50 жылдан кейін қайтадан жиналуымызды қалаймын! Бұл қуанышты күн – сізге жаңа мүмкіндіктер ашсын! Жоспарларыңыз орындалып, сәтсіздіктер айналып өтсін! Сіздің денсаулығыңыз әрдайым мықты, балаларыңыз бен немерелеріңіз тәрбиелі, ал өміріңіз шытырман оқиғаларға толы болсын!