Тез арықтау жолдары. Арықтауға арналған жаттығулар
Арықтау мәселесі өзекті болып табылады, сондықтан көптеген адамдар артық салмақтан арылу жолдарын іздеуде. Арықтауға арналған жаттығулар мен әдістер өте көп. Олардың ең тиімділері қандай?
Қазіргі заманнын модасында, қысқа юбка мен ашық көйлектер. Әрбір қыз көрікті болғысы келеді. Диетологтардың пікірінше, арықтау үшін денсаулыққа пайдалы тағамға көп көңіл бөлу керек.
Арықтау ережелері
— салмақты тез тастамаңыз. Аптасына 1 килограмм ғана салмақ жоғалту керек. Арнайы таблеткаларды қабылдамаңыз, тек қана диетаны ұстаныңыз.
— нақты шешімге келіңіз, бастаған ісіңізді жарты жолда тастап кетпеңіз. Мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
— майлы тамақты рационыңыздан алып тастаңыз. Диета ұстаумен қатар жаттығулар да жасаңыз. Бұл міндетті ережелердің негізгі қағидалары. Ары қарай біз тақырыпты тереңірек талқылаймыз.
Арықтау жолдары
1. Баяу тамақтаныңыз. Егер асты жылдам ішетін болсаңыз, сіз көп тамақ ішіп қоясыз. Нәтижесінде, салмақтан арылудын орнына сіз қосымша килограммдар қосасыз. Сондықтан мүмкіндігінше телефондағы таймерді 20 минутқа қойып, асықпай тамақтаныңыз.
2. Сорпа ішіңіз. Өз мәзіріңізге тауықтын сорпасын немесе көкөністен жасалған сорпаны қосыңыз. Сорпа тамақтанудың басында әсіресе пайдалы, себебі ол ас қорытуды бәсеңдетеді және тәбеттің ашылып кетуіне жол бермейді.
3. Қантты аз қолданыңыз. Тәтті сусыннын орнына сіз бір стақан су ішсеңіз, 10 қасық қанттан аулақ боласыз. Тәтті тағамның қандай зияны бар? Сұйық қант біздің денемізде толыққанды тағам ретінде қортылмайды. Сондықтан бір бөтелкедегі тәтті сусынмен бірге 450 калориянын бірге келуі мүмкін.
4. Жасыл шай ішіңіз. Жасыл шай — артық салмақтан құтылғысы келетіндер үшін ең дұрыс таңдау. Зерттеушілер катехиндер деп аталатын фитохимиялық заттардың әрекет етуіне байланысты калориялар азаяды дейді.
5. Ұйқыны қалыпқа келтіріңіз. Ұйқы — арықтау үшін жауапты маңызды фактор болып табылады. 22:00-ден 2-3-ке дейін адам денесі арнайы мелатонин гормонын шығарады. Ол адамның келбетінің жақсаруына және артық салмақтың арылуына жауап береді. Бірақ, ол тек ұйқы кезінде шығарылады. Осылайша сіp түнде көп жүретін болсаңыз, салмағыңызды қалыпқа келтіру қиынға түседі.
6. Тамақты уақытында ішіңіз. Диетаны сақтау өте маңызды. Ағзаңызды күнделікті бір уақытта тамақтануға үйретініңіз. Содан кейін барлық процестер бірге жұмыс істейді. Соңғы тамақтану ұйқыдан 4 сағат бұрын болуы керек.
7. Стресс. Стресс салмақтың қосылуына әкеледі. Денеге қауіп төнгенде, ағза калорияларды майға айналдырады. Бұл құтқару бейнеқосылғысы. Стресстен құтылуға тырысыңыз.
Салмақ түсіруге арналған жаттығулар
-тез жүру — арықтау үшін тамаша жаттығу. Мұндай жаттығулар жүрек-қан тамырларының жиырылу жиілігін арттырады. Нәтижесінде май жағу жылдамдығы артады.
-секіру — жылдам салмақ жоғалуын қамтамасыз етеді. Көбінесе бұл үшін секіргіш (скакалка) қолданылады.
-жүрелеп отыру (приседание) — бөкселердің бұлшық еттері, жамбастың артқы жағы, арқа және пресс үшін.
—кеудені жерден көтеру (отжимание) — бұл жаттығу ең тиімді, ол көптеген бұлшықеттерді қамтиды, бұл жаттығу қолдарға, және дененің басқа бөліктеріне пайда әкеледі. Қиын болса жаттығуларды қабырғадан орындауға болады.
-белдік би (танец живота) — тұрақты түрде шығыс билерімен айналыссаныз, артық майдан арыласыз. Бұл жаттығулардың негізгі жүктемесі жамбас пен пресске бағытталған.
Сіз жаттығуларды үйде немесе тренажер залында жасай аласыз.
өте орынды
Өте керемет айтылған екен.
Оте кушты
Ужас тук озгермедиии
мендеде тук өзгереди
Негізі арықтаудың ең оңай жолы ол дұрыс тамақтандыру. Ешқандай жаттығулар көмектеспейді небар нәрсені жейберсеңіз
Расымен дұрыс тамақтану керек
Ote kuhti
Мен арықтай алмай жүрмін, осы тәсілдерді істесем арықтайтын шығармын. Өзім тамақ ішпеймін десемде жеп қоя беремін. Арықтасам әдемі сұлу сымбатты болатын шығармын