Терракота әскері туралы қызықты мәліметтер

Терракота әскерінің табылуы, ХХ ғасырдағы ең маңызды археологиялық жаңалықтардың бірі болды. Ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енген.

.jpg

Терракота армиясы жайлы деректер

1974 жылдың наурызында, құдық қазып жатқан қытайлық жұмыскерлер, судың орнына адамдардың сүйектерін тауып алды. Қазба жұмыстары басталып, біраз уақыттан соң, саздан жасалған жауынгерлердің мүсіндері табылды. Сарбаздардың жалпы саны 7-9 мың, әр мүсіннің салмағы — 135 килограмм, ал биіктігі — 2 метрден асатындығы анықталды.

Бұл әскер — императорды о дүниеде қорғау үшін істелген. Цинь Шихуанди — Қытай жерлерін бір биліктің астына біріктерген алғашқы император. Ұлы Қытай қабырғасының құрылысы осы билеушінің заманында басталған.

Ежелгі Қытай халқының дәстүрі бойынша, император көз жұмғаннан кейін, оның құзырындағы барлық адамдар билеушімен бірге жерленеді. Сондықтан, мүсіндермен қатар, 70 мың адам тірідей көмілген. Қабірдің құрылысына 700 мыңға жуық адам қатысты.

Жауынгерлердің мүсіндері, Лишан тауынан алынған балшықтан соғып істелген. Сарбаздардың келбеті бір-біріне ұқсамайды, оларды дайындау үшін, нағыз адамдардың беті пайдаланылған. Мүсіндердің қолдарында нағыз қарулар болған, бірақ, бүгінгі күнге дейін жақсы күйде сақталмаған.

Жерлеу кешенінің құрылысы — Цинь Шихуанди 13 жасқа толған кезден  басталды. Зираттың нақты ауданың айту өте қиын, себебі қазба жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Археологтар императордың қабірін зерттеуді бастаған жоқ.