Суға бату кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Суға батып бара жатқан адамды құтқару – бұл жылдам әрекет етуді қажет ететін жағдай. Жәбірленушіге 1 минуттың ішінде сапалы көмек көрсетілмесе, оның тірі қалу мүмкіндігі едәуір төмендейді.

Қалай құтқару керек?

Алдымен, кәсіби құтқарушыларды шақыру қажет. Егер жәбірленушіні өзіңіз құтқаруға жөн көрсеңіз, сыртқы киіміңізді шешіп тастаңыз. Өйткені, бұл сізге тек кедергі жасайды.

Батып бара жатқанды құтқару үшін оның артқы жағынан жүзіп келіңіз. Себебі, мұндай адам өзін-өзі басқара алмайды, ол сізді су астына оңай тартып әкетеді. Батушыны мықтап құшақтап, иегінен немесе қолтығынан ұстап, жағаға алып шығыңыз.

Суға батқан адамға дәрігерге дейінгі көмек

Жәбірленуші 1-2 минут бойы тыныс алмаса, бұл оның өліміне әкелуі мүмкін екенін ескерген жөн. Жүректің тоқтап қалуының негізгі белгілері – пульстің болмауы және көз қарашығының үлкеюі. Бұл жағдайда қолдан дем алдыру (ауыздан ауызға) және жүрек массажын бастау қажет.

  • зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін, оның аузынан бөтен заттарды (балшық, шөп және т.б.) алып тастап, тегіс жерге арқасымен жатқызыңыз;
  • сол қолыңызды жәбірленушінің кеудесіне қойып, оң қолыңызды сол қолыңыздың үстіне 90 градус бұрышпен қойыңыз;
  • кеудені секундына 1 рет басып отырып, бірқалыпты қарқынды ұстаңыз.

Кішкентай баланың кеудесін қолмен емес, саусақтармен басу керек. Себебі, оның қабырғасын зақымдауыңыз әбден мүмкін. Жүрек массажымен қатар, қолдан тыныс алдыру әрекеттерін жасауыңыз керек. Бұл үшін:

  • жәбірленушінің басын артқа еңкейтіп, иегін көтеріп, ауызын толығымен ашыңыз;
  • мұрын тесіктерін саусақтарыңызбен жауып, әр секунд сайын, оның аузына қатты дем шығарыңыз;
  • егер мойында импульс пайда болып, кеудесі көтерілсе, онда бұл адам көп ұзамай оянады.

Адам есін жиып, тынысы қалпына келгеннен кейін оны ауруханаға жеткізу керек. Себебі, өкпе ісіну қаупі сақталады.

Ұқсас: Сынық кезіндегі алғашқы медициналық көмек