Су тапшылығы неге әсер етеді

Бүгінгі таңда, әлемдік тұщы су ресурстарының тапшылығы – ең өзекті мәселелердің қатарына жатады. Судың жетіспеушілігі табиғи процесс емес, бұл адамдарың іс-әрекетінен туындаған проблема.

Сарапшылардың пікірінше, планетада 2 миллиардттан астам адам таза судың тапшылығынан зардап шегуде. Ғаламшарымыздың 71%-ын су алғанымен, мәселе санда емес, судың сапасында екендігі анық. Оның тек 2,5-3%-ы ғана ішуге жарамды болып саналады. Оған қоса, жер шарындағы таза ауыз суы біркелкі бөлінбеген. Мысалы, Оңтүстік Америкада тұщы су қорының шамамен үштен бір бөлігі шоғырланса, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бұл көрсеткіш 2%-дан аспайды.

Дамыған мемлекеттер, оны басқа елдерден сатып алу арқылы күнін көріп жатса, Африка елдерінде, жергілікті тұрғындар суға қол жеткізу үшін бірнеше сағат бойы жер қазады екен. Ауыр жұмыс күнінен кейін, бүкіл тайпаға небәрі 2 литр сұйықтық ғана алынады. Сонымен қатар, бұндай суда инфекцияны қоздыратын көптеген бактериялар болатының ескеру керек.

Себептері

Жер бетіндегі адамдар саны көбейген сайын, тұщы суға деген қажеттілік те артады. Яғни, егер адамдардың жылдық өсімі 84 миллион болса, онда су ресурстары да 60 миллион текше метрді құрауы керек. Таза судың болмауы адамдарды қауіпті көздерден ылғал іздеуге мәжбүр етіп, денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Суару кезінде, оны ұтымсыз және шамадан тыс пайдалану, топырақ құнарлылығының төмендеуіне әсер етіп, олардың тұздануына және батпақтануына әкеледі.

Ірі зауыттардың өнеркәсіптік ағындары таза суға жіберіліп, оны ластайды. Ластанудың кесірінен, қазіргі таңда тұщы судың үлкен көлемі жарамсыз болып қалды.

Тұщы судың едәуір көп бөлігі Гренландия мен Антарктиданың мұздықтарында және жер астында жасырылғандықтан, оны алу мүмкін емес болып тұр.

Ұқсас: Судың пайдасы мен зияны