Спартак бастаған құлдар көтерілісі

Спартак – б.з.б. 74-71 жылдар аралығында болған ең ірі құлдар көтерілісінің қолбасшысы. Ол туралы мәлімет өте аз. Тек тұтқынға түскен фракиялық жауынгер екендігі ғана белгілі. Өзінің физикалық күші мен батылдығы үшін Капуадағы гладиаторлар мектебіне жіберілген.

q

Көтерілістің себебі

Римдіктер, әскери жорықтар кезінде тұтқынға түскен адамдардың барлығын құлдыққа салған. Құлдар Рим Республикасының ажырамас бөлігі болды, оларсыз ежелгі заманның ең қуатты мемлекетін елестету өте қиын. Тегін жұмыс күші ауыл шаруашылығында, шахталарда және т.б. физикалық күшті талап ететін жұмыстарда қолданды.

Римдегі құлдардың өмірі өте ауыр болды. Заңға сәйкес – құл адам емес, меншік болып саналды. Иелерінің оларды азаптауға, мүгедек қылдыруға немесе өлтіруге толық құқығы болды. Құлдар ақысыз жұмыс істеді, өз еңбегі үшін тек су мен нан ғана алып отырды. Егер наразылық білдірсе, қатаң жазаланған.

Әсіресе, гладиаторлардың жағдайы қиын болған. Олар жергілікті тұрғындардың көңіл көтеруі үшін бір-бірімен жекпе-жекке шығуға мәжбүрленген. Қожайындарының зорлық-зомбылық әрекеттерінен шаршаған адамдар, оларға қарсы қарулы көтеріліс бастады.

Басталуы

Б.з.д. 74 жылы Спартак бастаған жетпіс сегіз құл, Капуа қаласындағы гладиатор мектебінен қашып құтылып, Везувий жанартауына қарай бет алды. Олар асүй пышақтарымен ғана қаруланғанына қарамастан, артынан жіберілген отрядтың тас-талқаның шығара алды.

Алғашында, Рим сенаты оларға аса мән бермей, құлдардың көзін жою мақсатында, кішігірім 3 мыңдық отряд жіберді. Олар Везувий тауының барлық жолдарын жауып, қашқындарды қоршауға алды. Бірақ, көтерілісшілер түңгілік уақытта төменге түсіп, сарбаздардың барлығын өлтіріп тастады.

Римдіктер ашуланып, Спартакка қарсы екі легионнан тұратын үлкен әскермен аттанды. Алайда, оларда жеңіліс тапты. Осының арқасында, Спартактың есімі бүкіл мемлекетке тарап, көтерілісшілердің саны 70 мыңнан асты.

Б.з.б. 72 жылдың күзінде Рим әскерлерінің бас қолбасшысы болып, Марк Лициний Красс тағайындалды. Красс құлдармен ашық қақтығысқа түсуге асықпай, ыңғайлы сәтті күтті. Спартак Италияның Оңтүстігіне бет алып, сол жерден кемелермен Сицилияға жетуді жоспарлады. Алайда, жеткіземіз деп уәде берген қарақшылар (пираттар) оны алдап кетті. Нәтижесінде, тығырыққа тірелген құлдар, Красстың легионының шабуылына тойтарыс бере алмай, күйзеліске ұшырады. Тұтқынға алынған 6 мыңға жуық көтерілісші, Аппиан жолының бойында креске шегеленіп, азаппен өлтірілді.

Жанжал салдары

Бұл көтеріліс Италия халқының барлық топтарына әсер етті. 150 мыңға жуық адам қаза болды. Көптеген ірі қалалар қиратылды және өртенді. Үрейленген ақсүйектер, құл саудасымен айналысуды уақытша тоқтатты. Ал, 100 жылдан кейін, император Клавдийдің кезінде, құлдардың алғашқы құқықтары пайда бола бастады.

Ұқсас: Ежелгі Рим жайлы мәліметтер