Шаңғы спортының қауіпсіздік ережесі
Шаңғы спорты мектеп оқушыларының ең сүйікті сабағы. Бұл жаттығулар мұғалімнің қатаң бақылауымен өткізілуі керек.
- Оқушылар мұғалімнің айтқаның мұқият тыңдап, жаттығуларды дұрыс және дәл орындауға тиіс.
- Балалар арасында ауыр жарақаттарды болдырмау үшін, мұғалім дөнді және шұңқырлы жерлерден аулақ болуы керек.
- Бас киімсіз және қолғапсыз жаттығуға тыйым салынады. Киім суық пен желден қорғайтын, жеңіл және ыңғайлы болуы керек.
- Далаға шыққан соң, бірден шаңғыға тұрмаңыз, себебі шаңғының үстінде мұз қабығы пайда болып, сырғанауға кедергі келтіреді.
- Тар немесе кең етік, жарақаттарға әкелуі мүмкін, сол үшін шаңғы етігі аяқ өлшеміне сәйкес болғаны дұрыс. Аяққа екі құрғақ шұлық (нәски) киюге кеңес беріледі.
- Шаңғымен жүру кезінде 3-4 м аралықты, төмен қарай түскен кезде — 30 м ара қашықтықты сақтау ұсынылады.
- Рұқсатсыз сабақтан шығып кетуге болмайды. Шаңғы жабдығы зақымданатын болса, міндетті түрде мұғалімді ескерту керек.
- Егер тепе-теңдікті жоғалтып алсаңыз, сәл еңкейіп, бір жақ жанға құлаңыз. Жарақат алмас үшін таяқшаларды артқа қарай бағыттаңыз.
- Тамақ ауруын болдырмау мақсатында, жаттығудан кейінгі алғашқы 20-30 минут ішінде салқын су ішуге болмайды.
- Мектеп оқушылары үшін, бұл сабақ -5-тен -12 градус аралығында өткізілуі тиіс.
- Үсік пайда болған жағдайда, теріні дереу үйкелеу қажет. Мұны қармен емес, құрғақ қолмен жасаңыз, өйткені теріні зақымдап, инфекция жұқтыру қаупі бар.