Шайтанкөл туралы мәлімет

Шайтанкөл Қазақстандағы ең жұмбақ және қорқынышты жерлердің бірі. Бұл көлге қатысты көптеген аңыздар белгілі.

]

Ол Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан. Көлемі үлкен емес, ұзындығы – 60 метр, ал ені – 40 метр ғана. Соған қарамастан, бұл көл – республикалық маңызы бар табиғи ескерткіштердің бірі болып табылады.

Теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Бір қызығы, ғалымдар Шайтанкөлді әлі күнге дейін зерттеген жоқ. Жаңбыр жауса да, қар ерісе де, мұндағы су деңгейі ешқашан төмендемейді және көтерілмейді. Судың химиялық құрамы және тереңдігі белгісіз. Жергілікті тұрғындар, көлдің түбіне ешбір адам жетпеген дейді. Ақсақалдардың айтуынша, Шайтанкөл суы бүкіл Қарқаралыны басып кете алады.

Ежелгі заманнан бері, адамдар Шайтанкөлде шомылмаған. Себебі, жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне сүйенсек, бұл көлдің маңында жын-шайтандар жүреді. Ал, су қоймасынан бірнеше жүз метр радиуста жануарлар мен құстар мүлдем кездеспейді.

Аңыз бойынша, ертеде бұл аймақта Алтыншаш есімді қыз өмір сүрген. Оның әкесі өте бай адам болған. Алтай есімді кедей отбасыдан шыққан жігіт, осы қызға ғашық болды. Бірақ, екі жастың қосылуына әкесі қарсылық білдірді. Бір күні, Алтай өзінің досы Қайсармен бірге, қызды алып қашып кетіп, Шайтанкөлге келіп тоқтады. Алтыншаш жартаста отырған кезде, арыстанның айқайлағанын естіді. Жыртқыштан құтылу үшін, суға секіруге мәжбүр болып, батып кетті. Қайғыға шыдай алмаған екі жігіт, оның артынан секірген. Осылайша, адамдар үш жастың өмірін қиған көлді – Шайтанкөл деп атап кеткен.

Тағы бір аңызға сәйкес, бірде, Ер Тарғын батыр жорықтан оралып келе жатып, Шайтанкөлдің жағасында түнеуді жөн санады. Түнде оны сұлулығы ерекше қыз оятып жіберді. Ол суға түсіп, жауынгерді оның артынан еруге шақырды. Біраз ұялғаннан кейін, батыр суға түсуге шешім қабылдады. Терең жерге жеткен кезде, жаңағы қыз қорқынышты кемпірге айналып, темір тырнақтарымен жігітті тырнай бастады. Батыр оны жағаға сүйреп апарып, басын жұдырығымен ұрып, денесін суға лақтырып жіберді. Суға түскен соң, кемпір қайта тіріліп, батырды қарғай бастады. Таңертең ұйдыдан тұрып, Ер Тарғын осы жағдайды ауыл тұрғындарына айтып берді.

Ұқсас: Балқаш көлі туралы мәлімет