Саумалдың пайдасы қандай?
Әлемде және Қазақстанда бие сүтінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Ғалымдар бұл өнімді зерттеп, саумалдың адамға тигізетін көптеген пайдалы қасиеттерін анықтады.
Емдік қасиеттері
Саумал — бұл жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сол себептен, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады.
Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, ол қан айналымын жақсартады және ер адамның потенциасын күшейтеді.
Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Ал, құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.
Еуропаның ғалымдары оны емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді. Саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасы ауруын емдеуге болады.
Қалай қолдану керек?
Тәулігіне 1 литр саумал ішсеңіз, ағзаңыз жоғары сіңімді ақуыздармен, амин қышқылдарымен, оңай қорытылатын майлармен, дәрумендермен және минералды элементтермен қамтамасыз етіледі.
Емделу уақыты — 1 ай. Бірақ, толық пайда алу үшін, кейбір ережелерді сақтау керек. Мысалға, ол өзінің негізгі пайдалы қасиеттерін, сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде жоғалтады.
Алайда, саумалды мұздату арқылы өмірін ұзартуға болады — ол барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерді сақтайды. Оны күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен дұрыс. Бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады.
Жүктілік кезеңде саумал ішуге бола ма
Әрине болады өте жақсы болады
Болады, мен былтыр жукти кезимде ишкем
Шілде айында сауал ішуге болама
Саумалды ішкеннен киін неше сағаттан сон тамақ ішеді
Саумалды 7 айлык балага беруге болама
Саумалды 7айлық балаға болама
саумал.ішкеніме7.кунболды.ішім.отеді.калаи.болады
Менің екі айлық бөпем бар. Өзімнің сүтімен шықпады. Тартылып кетті. Екі айлық балаға биенің сүтін яғни жаңа салынған саумалдық ішкізсем болама. Баламды емізбеген соң дұрыс салмақ қоспай жатыр
Екі аи тым кишкентаи гои,ешкі сутін берген жаксы,дурысы дайын смесь
Диеталық тағам ретінде пайдаланса болады
Иа әрине қазір саумалдың капсула түрі де шығып кеткен
ия болады баска коспаларсыз ішетін болсаңыз Ном қалдырсаңыз толық ақпарат берейін
Екі айлық балаға ауыр. Нестожен деген үкіметтің сүтін беріңіз
Саумалы мен көтеруге болады ма??
Асқазан жарасына бие саумалын ішіп жақсы болғандар бар ма?
20-30 минуттан соң
Бар менде язва болган ішіп жазылдым
20.30 мин кейін
Құрты бар балдарға болады ма?!
Саумалдың көмегімен өттегі тасты түсіргендер барма? 1см тасты.
саумалды қалада таппасаңыз капсуладағы саумал тоже жақсы екен. Менің ішкенім biosaumal
өттегы тасты тусыре алама. мамандар тусыре алады деп жатыр ғой. бырақ ысенбеймын. мен 5 .жылдан беры ышемын. резултат жоқ.
Саумал өкпе ауруына көмегі барма?
Ешкі сүтті жаксы
Бие сүті ана сүтіне жақын. Жаңа сауған бие сүті болса берген дұрыс.
Иш откизет иш курлыс барин тазалайд
Саумал ишкенде иш оту болса нестеуге болады
Жоқ болмайды сіздің балаңыз құлын емеской бала ағзасы тек ана сүтін қортуға арналған артық қыламын деп тырдық қылып қоймаңыз 2айлық балаға тіпті су беруге болмайды
Саумалыны үлген адамдардың өзі зорға ішеді әбіржіп бермеңіз
10айлык қызымды емшектен шығарып, саумалы беруге бола ма
Саумалмен бой осируге салмак косуга болама
Балаға ананың сүтінен кейінгі орында тек ешкі сүтін бере аласыз.
Нағыз өкпенің емі ғой
Менде жаңбас буындарым ,бұлшық еттерім,грыжа ,протрузия деген сырқаттар бар ,саумал ішсем көмегі болар ма екен ,қолданған адамдар бар ма ? Рахмет.
Саумал ұйқы безіне нагрузка дейді врач ол рас па?